https://sputnik.kz/20260807/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-7-tamyz-65485895.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 тамыз
Sputnik Қазақстан
7 тамызда не болғанын білесіз бе? 07.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-07T00:01+0500
2026-08-07T00:01+0500
2026-08-07T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1105/61/11056120_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_ac17deb0d4e7bd6e79fdfd04c011c635.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.7 тамызда әлемде қандай қызықты оқиғалар болдыБүгін Кот-д'Ивуар Республикасының ұлттық мейрамы Тәуелсіздік күні аталып өтеді. Кот-д`Ивуар XIX ғасырдың соңында Францияның отарына айналған еді. Сол уақыттарда елді азат ету үшін қозғалыс құрылып, оны Феликс Уфуэ-Буаньи басқарды. 1946 жылы Кот-д`Ивуар Францияның теңіздің ар жағындағы аумағы мәртебесін алды. Осыдан кейін Феликс сол елдің өкілі ретінде француз парламентінің жұмысына қатысып жүрді. Ал 1957 жылдан бастап Франция министрлері кабинетінің мүшесі атанып, отаршылдық саясат мәселелеріне жауапты болды. 1958 жылы Кот-д`Ивуар халқы референдум кезінде елдің Франция қауымдастығына кіруін қолдады. 1960 жылы 7 тамызда Кот-д`Ивуардың тәуелсіздігі жарияланды. Тұңғыш президент қызметін 1993 жылға дейін Феликс Уфуэ-Буаньи атқарды.Сондай-ақ, бүгін Тынық мұхитындағы Кирибати Республикасының халқы Жастар күнін мерекелеп жатыр. Ұлттық мейрамның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл күні футбол, волейбол, бокс, теннис, баскетбол, күрестен спорттық сайыстар ұйымдастырылады. Мереке салтанатты шерумен ашылып, жастар клубтары мен христиандық жастар топтары арасындағы спорттық сайыстарға жалғасады. Жарысқа қатысқысы келмейтін қыз-жігіттер де назардан тыс қалмайды: олар ән айтып, би билеп, көңіл көтереді.Бүгін – Бойдақтар күні. Халқы ең көп Қытайда бойдақтар мерекесі сонау 1990 жылдардың соңында пайда болды. Кейін бұл датаны кәрі құрлық елдері де атап өте бастады. Бүгін отбасын құрмаған қыз-жігіттер достарымен кездесіп, уақытты көңілді өткізе алады.7 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар1782 жылы АҚШ Конгресі елдің мемлекеттік елтаңбасы – Ұлы мөрді (Great Seal of the United States) ресми түрде бекітті;1840 жылы Англияда балаларды мұржа тазалаушы ретінде пайдалануға тыйым салынды;1858 жылы ағылшын патшайымы Виктория Оттаваны Канаданың астанасы ретінде таңдады;1942 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Гуадалканал шайқасы басталды;1970 жылы әлемде алғаш рет компьютерлік шахмат турнирі өткізілді;1998 жылы АҚШ-тың Кения мен Танзаниядағы елшіліктерінде теракт жасалды. Салдарынан 250-ге жуық адам қаза болып, 4 мыңнан астамы жараланды;1993 жылы Лондонда алғаш рет Букингем сарайының бір бөлігі туристер үшін ашылды;2020 жылы Үндістанның Air India Express ұшағы Кожикоде әуежайына қону кезінде апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапты.7 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1740 жылы Жәнібек батыр бастаған қазақ билерінің бір тобы Орынбор комиссиясының басшысы князь Василий Урусовпен кездесіп, қазақ даласындағы сауда байланыстары мен керуен жолдарының қауіпсіздігін талқылады;1929 жылы КСРО Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен араб жазуын қолданған халықтардың жаңа латын әліпбиіне көшуі ресми түрде бекітілді. Қазақстанда да осы кезеңде латын графикасына көшу басталды;1958 жылы КОКП ОК-ның Маңғыстау түбегін игеру туралы қаулысы қабылданды;1992 жылы Степногорск қаласында өндірілген алғашқы екі құйма валюталық алтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қоймасына тапсырылды;1998 жылы Анкарада Абай паркі салтанатты түрде ашылды;2006 жылы Батыс Қазақстаннан б.з.д VI-V ғасырларға тиесілі бірегей археологиялық құндылықтар табылды;2017 жылы Торайғыр көлінің жағалауынан біздің заманымызға дейінгі VIII-VI ғасырларға тән обалар табылды.7 тамызда туған танымал тұлғалар1904 жылы америкалық дипломат, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Ральф Банч дүниеге келді;1925 жылы кеңестік театр және кино әртісі Борис Рунге дүниеге келді. РКФСР еңбек сіңірген әртісі (1967). Польшаның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1976). РКФСР Халық әртісі (1985);1960 жылы америкалық актер, сценарист, продюсер, режиссер, жазушы және музыкант Дэвид Духовны туды;1966 жылы Википедияның негізін қалаған Джимми Уэйлс дүниеге келді;1975 жылы оңтүстікафрикалық және америкалық актриса, "Оскар" сыйлығының лауреаты Шарлиз Терон дүниеге келді;1978 жылы ресейлік рок-әнші, музыкант, бірқатар әннің авторы Юлия Чичерина өмірге келді.7 тамызда Қазақстанда кімдер туды1946 жылы киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меңтай Өтепбергенов дүниеге келді;1966 жылы қоғам қайраткері, бұрынғы мәжіліс депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекболат Тілеухан өмірге келді;1980 жылы музыкант, виолончелист, халықаралық конкурстардың лауреаты Ермек Құрманаев туды;1995 жылы футболшы, Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов дүниеге келді.1995 жылы шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Денис Никиша дүниеге келді;1996 жылы футболшы, Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1105/61/11056120_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_56c0e5eed4afec1c40f4f95febc28a6e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 тамыз
7 тамызда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
7 тамызда әлемде қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін Кот-д'Ивуар Республикасының ұлттық мейрамы Тәуелсіздік күні аталып өтеді. Кот-д`Ивуар XIX ғасырдың соңында Францияның отарына айналған еді. Сол уақыттарда елді азат ету үшін қозғалыс құрылып, оны Феликс Уфуэ-Буаньи басқарды. 1946 жылы Кот-д`Ивуар Францияның теңіздің ар жағындағы аумағы мәртебесін алды. Осыдан кейін Феликс сол елдің өкілі ретінде француз парламентінің жұмысына қатысып жүрді. Ал 1957 жылдан бастап Франция министрлері кабинетінің мүшесі атанып, отаршылдық саясат мәселелеріне жауапты болды. 1958 жылы Кот-д`Ивуар халқы референдум кезінде елдің Франция қауымдастығына кіруін қолдады. 1960 жылы 7 тамызда Кот-д`Ивуардың тәуелсіздігі жарияланды. Тұңғыш президент қызметін 1993 жылға дейін Феликс Уфуэ-Буаньи атқарды.
Сондай-ақ, бүгін Тынық мұхитындағы Кирибати Республикасының халқы Жастар күнін мерекелеп жатыр. Ұлттық мейрамның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл күні футбол, волейбол, бокс, теннис, баскетбол, күрестен спорттық сайыстар ұйымдастырылады. Мереке салтанатты шерумен ашылып, жастар клубтары мен христиандық жастар топтары арасындағы спорттық сайыстарға жалғасады. Жарысқа қатысқысы келмейтін қыз-жігіттер де назардан тыс қалмайды: олар ән айтып, би билеп, көңіл көтереді.
Бүгін – Бойдақтар күні. Халқы ең көп Қытайда бойдақтар мерекесі сонау 1990 жылдардың соңында пайда болды. Кейін бұл датаны кәрі құрлық елдері де атап өте бастады. Бүгін отбасын құрмаған қыз-жігіттер достарымен кездесіп, уақытты көңілді өткізе алады.
7 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1782 жылы АҚШ Конгресі елдің мемлекеттік елтаңбасы – Ұлы мөрді (Great Seal of the United States) ресми түрде бекітті;
1840 жылы Англияда балаларды мұржа тазалаушы ретінде пайдалануға тыйым салынды;
1858 жылы ағылшын патшайымы Виктория Оттаваны Канаданың астанасы ретінде таңдады;
1942 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Гуадалканал шайқасы басталды;
1970 жылы әлемде алғаш рет компьютерлік шахмат турнирі өткізілді;
1998 жылы АҚШ-тың Кения мен Танзаниядағы елшіліктерінде теракт жасалды. Салдарынан 250-ге жуық адам қаза болып, 4 мыңнан астамы жараланды;
1993 жылы Лондонда алғаш рет Букингем сарайының бір бөлігі туристер үшін ашылды;
2020 жылы Үндістанның Air India Express ұшағы Кожикоде әуежайына қону кезінде апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапты.
7 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1740 жылы Жәнібек батыр бастаған қазақ билерінің бір тобы Орынбор комиссиясының басшысы князь Василий Урусовпен кездесіп, қазақ даласындағы сауда байланыстары мен керуен жолдарының қауіпсіздігін талқылады;
1929 жылы КСРО Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен араб жазуын қолданған халықтардың жаңа латын әліпбиіне көшуі ресми түрде бекітілді. Қазақстанда да осы кезеңде латын графикасына көшу басталды;
1958 жылы КОКП ОК-ның Маңғыстау түбегін игеру туралы қаулысы қабылданды;
1992 жылы Степногорск қаласында өндірілген алғашқы екі құйма валюталық алтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қоймасына тапсырылды;
1998 жылы Анкарада Абай паркі салтанатты түрде ашылды;
2006 жылы Батыс Қазақстаннан б.з.д VI-V ғасырларға тиесілі бірегей археологиялық құндылықтар табылды;
2017 жылы Торайғыр көлінің жағалауынан біздің заманымызға дейінгі VIII-VI ғасырларға тән обалар табылды.
7 тамызда туған танымал тұлғалар
1904 жылы америкалық дипломат, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Ральф Банч дүниеге келді;
1925 жылы кеңестік театр және кино әртісі Борис Рунге дүниеге келді. РКФСР еңбек сіңірген әртісі (1967). Польшаның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1976). РКФСР Халық әртісі (1985);
1960 жылы америкалық актер, сценарист, продюсер, режиссер, жазушы және музыкант Дэвид Духовны туды;
1966 жылы Википедияның негізін қалаған Джимми Уэйлс дүниеге келді;
1975 жылы оңтүстікафрикалық және америкалық актриса, "Оскар" сыйлығының лауреаты Шарлиз Терон дүниеге келді;
1978 жылы ресейлік рок-әнші, музыкант, бірқатар әннің авторы Юлия Чичерина өмірге келді.
7 тамызда Қазақстанда кімдер туды
1946 жылы киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меңтай Өтепбергенов дүниеге келді;
1966 жылы қоғам қайраткері, бұрынғы мәжіліс депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекболат Тілеухан өмірге келді;
1980 жылы музыкант, виолончелист, халықаралық конкурстардың лауреаты Ермек Құрманаев туды;
1995 жылы футболшы, Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов дүниеге келді.
1995 жылы шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Денис Никиша дүниеге келді;
1996 жылы футболшы, Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский дүниеге келді.