https://sputnik.kz/20260807/astanada-150-ge-zhuyq-zhas-suretshi-abaydyn-portretin-bir-mezette-saldy-65517927.html
Астанада 150-ге жуық жас суретші Абайдың портретін бір мезетте салды
Астанада 150-ге жуық жас суретші Абайдың портретін бір мезетте салды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Астанада 150-ге тарта жас суретші Абай Құнанбайұлының портретін бір мезетте салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 07.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-07T08:06+0500
2026-08-07T08:06+0500
2026-08-07T08:06+0500
астана әкімдігі
абай құнанбайұлы
суретші
https://sputnik.kz/img/07ea/08/07/65517183_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_6105d76cb6b24097ffb52d8e4508db7d.jpg
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Астанада 150-ге тарта жас суретші Абай Құнанбайұлының портретін бір мезетте салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен "10 тамыз – Абай күніне орай" қалада ұлы ақынның әдеби-рухани мұрасын насихаттауға арналған онкүндік іс-шаралар бастау алды. Соның аясында "Абай әлемі балалар көзімен" атты қалалық көркемсурет акциясы ұйымдастырылды.Іс-шара Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаңда өтті.Акция қорытындысы бойынша "Абай әлемі балалар көзімен" көркемсурет акциясына қатысушылардың үздік туындылары көпшілік назарына ұсынылады.Іс-шара жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін танытып қана қоймай, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әдеби және рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы насихаттауға мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/07/65517183_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_f1058340ea27a3e6b572667e15428d35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана әкімдігі, абай құнанбайұлы, суретші
астана әкімдігі, абай құнанбайұлы, суретші
Астанада 150-ге жуық жас суретші Абайдың портретін бір мезетте салды
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Астанада 150-ге тарта жас суретші Абай Құнанбайұлының портретін бір мезетте салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен "10 тамыз – Абай күніне орай" қалада ұлы ақынның әдеби-рухани мұрасын насихаттауға арналған онкүндік іс-шаралар бастау алды. Соның аясында "Абай әлемі балалар көзімен" атты қалалық көркемсурет акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаңда өтті.
"Акция барысында қаламыздағы жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарының 150-ге тарта жас суретшісі бір мезетте Абайдың өмірі, шығармашылығы, табиғат лирикасы, қара сөздері мен рухани мұрасынан шабыт алып, қиялдарын шыңдады. Балалар өз туындылары арқылы Абай әлемін шығармашылық тұрғыдан бейнелеп, оның ұлт руханиятындағы орны мен тағылымын сурет өнері арқылы жеткізе білді", - деп жазылған хабарламада.
Акция қорытындысы бойынша "Абай әлемі балалар көзімен" көркемсурет акциясына қатысушылардың үздік туындылары көпшілік назарына ұсынылады.
Іс-шара жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін танытып қана қоймай, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әдеби және рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы насихаттауға мүмкіндік береді.