Жеңіл өнеркәсіпте шикізатты өңдеу көлемі 2030 жылға қарай екі есеге артпақ

© Photo : CC0 / Hasan Oguz AltuntaşНитки
Нитки - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2026
Жазылу
Кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтіліп, өнімді сертификаттау құнын төмендету жоспарланып отыр
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде шикізатты өңдеу көлемін 2030 жылға қарай екі есеге арттыру жоспарланып отыр.
Жеңіл өнеркәсіпті 2030 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.
Жоспар отандық өндірушілерді қолдау, көлеңкелі импортқа қарсы күрес, инвестиция тарту және қазақстандық брендтерді дамыту бойынша 28 іс-шараны қамтиды.
"2030 жылға қарай шикізатты қайта өңдеу көлемін 1,5-2 есе арттыру, 40 мыңға жуық жұмыс орнын ашу және 35 инвестициялық жобаны жүзеге асыру міндеті тұр", - деді Жұманғарин.
Сонымен қатар кәсіпорындарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтіліп, өнімді сертификаттау құнын төмендету жоспарланған.
Знак процента - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2024
Жеңіл өнеркәсіп жобаларына 3%-тік кредит беріледі
Жаңалықтар
0