https://sputnik.kz/20260806/soltustik-qazaqstanda-ortalyq-aziyadagy-en-iri-megaferma-ashyldy-65492945.html
Солтүстік Қазақстанда бір мезетте 100 сиырды саууға арналған қондырғысы бар ферма ашылды
Солтүстік Қазақстанда бір мезетте 100 сиырды саууға арналған қондырғысы бар ферма ашылды
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері Германиядан әуе көлігі арқылы жоғары өнімді асыл тұқымды 585 бас ірі қара жеткізілген 06.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-06T10:03+0500
2026-08-06T10:03+0500
2026-08-06T10:10+0500
сүт өнімдері
солтүстік қазақстан облысы
сиыр
https://sputnik.kz/img/07ea/08/05/65488752_0:103:1097:720_1920x0_80_0_0_8bd2a720c4dcd6c8ea83cc1498f47640.jpg
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі сауу қондырғысымен жабдықталған мегаферма ашылды, деп хабарлайды облыстық әкімдік.Мағжан Жұмабаев ауданында бір мезетте 100 сиырды саууға арналған сауу қондырғысымен жабдықталған сүт-тауар фермасы іске қосылды. Жоба толық қуатына шыққаннан кейін кәсіпорын тәулігіне 150 тоннаға дейін сүт өндіреді.Жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен 30 млрд теңге. Оны іске асыру нәтижесінде 120-дан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.Фермада енгізілген барлық технологиялық шешімдер әлемдік сүт шаруашылығы стандарттарына толық сәйкес келеді.Жалпы өңірдегі 118 сүт-тауар фермасының 50-ден астамы бүгінде "ақылды" кәсіпорын форматында жұмыс істейді."Геннадий Зенченконың жаңа фермасында шамамен 9 мың бас мал бар, оның ішінде 3,6 мың басы – сауын сиырлар. Мұнда Германияның GEA WESTFALIA компаниясының 90 басқа арналған сауу каруселі жұмыс істейді. Ал жаңа "СК Агро 2050" кешені бұдан да ауқымды болады: мұнда жалпы мал басы 12 мыңға жетеді, ал 100 басқа арналған сауу қондырғысы Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы ең ірісі", – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов."СК Агро 2050" сүт-тауар фермасының бас технологы әрі басқарушысы Владимир Сергеевтің айтуынша, асыл тұқымды мал шетелден жеткізіліп жатыр.Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында жалпы құны 144,5 млрд теңгені болатын 44 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.
https://sputnik.kz/20260608/aqtobe-oblysynda-zhana-zhel-elektr-stantsiyasy-salynady-63998186.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/05/65488752_69:0:1029:720_1920x0_80_0_0_4f1f189aafcc852295429be2d72050dd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сүт өнімдері, солтүстік қазақстан облысы, сиыр
сүт өнімдері, солтүстік қазақстан облысы, сиыр
Солтүстік Қазақстанда бір мезетте 100 сиырды саууға арналған қондырғысы бар ферма ашылды
10:03 06.08.2026 (жаңартылды: 10:10 06.08.2026) Жыл басынан бері Германиядан әуе көлігі арқылы жоғары өнімді асыл тұқымды 585 бас ірі қара жеткізілген
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі сауу қондырғысымен жабдықталған мегаферма ашылды, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Мағжан Жұмабаев ауданында бір мезетте 100 сиырды саууға арналған сауу қондырғысымен жабдықталған сүт-тауар фермасы іске қосылды. Жоба толық қуатына шыққаннан кейін кәсіпорын тәулігіне 150 тоннаға дейін сүт өндіреді.
Жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен 30 млрд теңге. Оны іске асыру нәтижесінде 120-дан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.
"Жобаның басты ерекшелігі – Германияның GEA WESTFALIA бренді шығарған, бір мезетте 100 сиырды саууға арналған Орталық Азиядағы ең ірі "Карусель" сауу қондырғысы. Бұл жүйе жоғары өнімділікті, малдың жайлылығын және өндірістік процестердің толық цифрландырылуын қамтамасыз етеді", - деп жазылған хабарламада.
Фермада енгізілген барлық технологиялық шешімдер әлемдік сүт шаруашылығы стандарттарына толық сәйкес келеді.
Жалпы өңірдегі 118 сүт-тауар фермасының 50-ден астамы бүгінде "ақылды" кәсіпорын форматында жұмыс істейді.
"Геннадий Зенченконың жаңа фермасында шамамен 9 мың бас мал бар, оның ішінде 3,6 мың басы – сауын сиырлар. Мұнда Германияның GEA WESTFALIA компаниясының 90 басқа арналған сауу каруселі жұмыс істейді. Ал жаңа "СК Агро 2050" кешені бұдан да ауқымды болады: мұнда жалпы мал басы 12 мыңға жетеді, ал 100 басқа арналған сауу қондырғысы Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы ең ірісі", – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
"СК Агро 2050" сүт-тауар фермасының бас технологы әрі басқарушысы Владимир Сергеевтің айтуынша, асыл тұқымды мал шетелден жеткізіліп жатыр.
"Жыл басынан бері Германиядан әуе көлігі арқылы жоғары өнімді асыл тұқымды 585 бас ірі қара жеткізілген. Биыл жыл соңына дейін Еуропа елдерінен тағы 660 бас мал әкелу жоспарланып отыр", – деді ол.
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында жалпы құны 144,5 млрд теңгені болатын 44 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.