Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бірі ғана баспананы өзі сатып ала алатынын айтты

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуКлючи от квартиры
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2026
Жазылу
2026 жылы тұрғын үйге қатысты мемлекеттік қолдау шараларына респонденттердің 28,4%-ы қанағаттанған
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. 2026 жылы сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың төрттен бірі ғана баспананы өз қаржысына сатып ала алатынын айтты.
Ұлттық статистика бюросы сауалнама жүргізді:
Респонденттердің 24,3%-ы өз бетінше тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне қанағаттанатынын айтқан, 40,8%-ы ішінара қанағаттанатынын көрсеткен. Ал 15,9%-ы қанағаттанбайтынын айтса, 19%-ы жауап беруге қиналған.
2024 жылы жүргізілген сауалнама нәтижелері де шамамен осындай болған. Алайда ол кезде "қанағаттанбаймын" деген жауапты таңдағандар көбірек – 20,5%, ал "жауап беруге қиналамын" дегендер азырақ болған.
2026 жылы тұрғын үй сатып алу кезінде мемлекеттік қолдау шараларына респонденттердің 28,4%-ы қанағаттанған. 2024 жылы бұл көрсеткіш 24,5% болған.
Архивное фото летнего кафе на набережной реки Ишим в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2026
Баспана бағасы қай қалаларда жылдам қымбаттап жатыр?
Жаңалықтар
0