https://sputnik.kz/20260806/qazaqstanda-qay-salada-bos-zhumys-oryndary-kop-65501044.html
Қазақстанда қай салада бос жұмыс орны көп тіркелді
Қазақстанда қай салада бос жұмыс орны көп тіркелді
Sputnik Қазақстан
Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күткендер – ұшқыштар мен стюардессалар 06.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-06T14:01+0500
2026-08-06T14:01+0500
2026-08-06T14:16+0500
жұмыс берушілер
білім
денсаулық сақтау
https://sputnik.kz/img/479/22/4792214_0:120:2016:1254_1920x0_80_0_0_d0c6766192656070785b3f8a7c7d1a6d.jpg
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Шілдеде Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104,6 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер тарапынан 141,2 мың түйіндеме орналастырылды.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлауынша, маусым айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,8%-ға азайса, түйіндемелер 11,5%-ға өсті. Мамандар мұндай өзгерісті жаз мезгіліндегі еңбек нарығының маусымдық ерекшелігімен байланыстырып отыр.Салалар бөлінісінде жұмыс күшіне ең жоғары сұраныс білім беру саласында (23,4 мың бос жұмыс орны тіркелді). Сондай-ақ өзге қызметтер көрсету саласында (16,0 мың), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету (10,3 мың), ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында (8,2 мың), өңдеу өнеркәсібінде (6,8 мың), құрылыс саласында (5,7 мың) бос жұмыс орны ұсынылды.Өңірлер бөлінісінде ең көп бос жұмыс орнының тіркелуі мынадай:Ұсынылған жалақы мөлшері бойынша шілде айындағы ең жоғары еңбекақы бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы лауазымына (шамамен 1,12 млн теңге), ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженер-инспекторға (шамамен 0,91 млн теңге) және маркетинг пен өнімді өткізу бөлімінің бастығының орынбасарына (шамамен 0,90 млн теңге) ұсынылды.Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күткендер – ұшқыштар (шамамен 2,39 млн теңге), стюардессалар (шамамен 1,43 млн теңге) және электр станциясының бастығы лауазымына үміткерлер (шамамен 1,32 млн теңге) болды.
https://sputnik.kz/20260608/zhumys-berushilerdin-zhumysyn-zhenildetetin-zhana-servis-tanystyryldy-64000515.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/479/22/4792214_93:0:1924:1373_1920x0_80_0_0_115b44b9e96bd0c0d12d7daf11fe4630.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыс берушілер, білім, денсаулық сақтау
жұмыс берушілер, білім, денсаулық сақтау
Қазақстанда қай салада бос жұмыс орны көп тіркелді
14:01 06.08.2026 (жаңартылды: 14:16 06.08.2026) Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күткендер – ұшқыштар мен стюардессалар
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Шілдеде Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104,6 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер тарапынан 141,2 мың түйіндеме орналастырылды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлауынша, маусым айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,8%-ға азайса, түйіндемелер 11,5%-ға өсті. Мамандар мұндай өзгерісті жаз мезгіліндегі еңбек нарығының маусымдық ерекшелігімен байланыстырып отыр.
"Осы уақытта оқу орындарының түлектері еңбек нарығына белсенді шығып, жұмыс іздеушілер саны артады. Соның нәтижесінде жұмыс күшінің ұсынысы сұранысқа қарағанда жылдамырақ өседі", - дейді министрлікте.
Салалар бөлінісінде жұмыс күшіне ең жоғары сұраныс білім беру саласында (23,4 мың бос жұмыс орны тіркелді). Сондай-ақ өзге қызметтер көрсету саласында (16,0 мың), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету (10,3 мың), ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында (8,2 мың), өңдеу өнеркәсібінде (6,8 мың), құрылыс саласында (5,7 мың) бос жұмыс орны ұсынылды.
Өңірлер бөлінісінде ең көп бос жұмыс орнының тіркелуі мынадай:
Түркістан облысы - 7,6 мың;
Павлодар облысы - 7,1 мың;
Ұсынылған жалақы мөлшері бойынша шілде айындағы ең жоғары еңбекақы бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы лауазымына (шамамен 1,12 млн теңге), ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженер-инспекторға (шамамен 0,91 млн теңге) және маркетинг пен өнімді өткізу бөлімінің бастығының орынбасарына (шамамен 0,90 млн теңге) ұсынылды.
Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күткендер – ұшқыштар (шамамен 2,39 млн теңге), стюардессалар (шамамен 1,43 млн теңге) және электр станциясының бастығы лауазымына үміткерлер (шамамен 1,32 млн теңге) болды.