https://sputnik.kz/20260806/mayly-daqyldardy-qarzhylandyru-kolemi-26-esege-artty-65503840.html
Майлы дақылдарды қаржыландыру көлемі 2,6 есеге артты
Майлы дақылдарды қаржыландыру көлемі 2,6 есеге артты
Sputnik Қазақстан
2026 жылғы егіс науқаны барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер күнбағыс егілетін алқаптардың көлемін едәуір ұлғайтты 06.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-06T22:49+0500
2026-08-06T22:49+0500
2026-08-06T22:49+0500
ауыл шаруашылығы
күнбағыс майы
диқандар
https://sputnik.kz/img/07e5/03/13/16582865_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_7ded18209f01c2549d7b34c93405405f.jpg
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы майлы дақылдарды қаржыландыру көлемін 2,6 есеге арттырды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.Жалпы күзгі егін жинау науқанынан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ұлттық астық операторының ресурстарына 479,8 мың тонна астық және майлы дақыл өнімдерін жеткізеді. Оның 337,3 мың тоннасы немесе шамамен 70%-ы бидай болады. Қалған көлемді маржасы жоғары дақылдар – майлы зығыр, арпа, күнбағыс, рапс және жүгері құрайды."2026 жылғы егіс науқаны барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер күнбағыс егілетін алқаптардың көлемін едәуір ұлғайтты. Егер өткен аграрлық маусымда форвардтық келісімшарттар аясында 19,9 мың тонна күнбағыс тұқымын сатып алуға қаржы бөлінсе, биыл келісімшарт жасалған өнім көлемі екі есеге жуық артып, 37,8 мың тоннаға жетті", - дейді ведомство мамандары.
https://sputnik.kz/20260802/soltustik-qazaqstanda-kuzdik-daqyldar-alqaby-tort-esege-ulgaydy-65404304.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/13/16582865_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_ece60c9141bc4296fad366e3bde7b947.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, күнбағыс майы, диқандар
ауыл шаруашылығы, күнбағыс майы, диқандар
Майлы дақылдарды қаржыландыру көлемі 2,6 есеге артты
2026 жылғы егіс науқаны барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер күнбағыс егілетін алқаптардың көлемін едәуір ұлғайтты
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы майлы дақылдарды қаржыландыру көлемін 2,6 есеге арттырды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Өткен аграрлық маусыммен салыстырғанда майлы дақылдарды қаржыландыру көлемі 2,6 есеге – 36 мың тоннадан 95 мың тоннаға дейін ұлғайды", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы күзгі егін жинау науқанынан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ұлттық астық операторының ресурстарына 479,8 мың тонна астық және майлы дақыл өнімдерін жеткізеді. Оның 337,3 мың тоннасы немесе шамамен 70%-ы бидай болады. Қалған көлемді маржасы жоғары дақылдар – майлы зығыр, арпа, күнбағыс, рапс және жүгері құрайды.
"2026 жылғы егіс науқаны барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер күнбағыс егілетін алқаптардың көлемін едәуір ұлғайтты. Егер өткен аграрлық маусымда форвардтық келісімшарттар аясында 19,9 мың тонна күнбағыс тұқымын сатып алуға қаржы бөлінсе, биыл келісімшарт жасалған өнім көлемі екі есеге жуық артып, 37,8 мың тоннаға жетті", - дейді ведомство мамандары.