https://sputnik.kz/20260806/bolashaq-oyyndary-gulnaz-amangali-zharys-zholyna-shyqty-65499942.html
"Болашақ ойындары": Гүлнәз Аманғали фиджитал-биден жарыс жолына шықты
"Болашақ ойындары": Гүлнәз Аманғали фиджитал-биден жарыс жолына шықты
Sputnik Қазақстан
Жарыстың сыйақы қоры - 75 мың доллар 06.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-06T13:16+0500
2026-08-06T13:16+0500
2026-08-06T14:40+0500
астана
жарыс
цифрландыру
видео
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1d/65313885_0:42:1280:762_1920x0_80_0_0_6b627bc91a2ef50db15bbf101999737a.jpg
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Астанадағы "Болашақ ойындары" аясында фиджитал-дэнсинг жарыстары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жарыс жолына 15 елдің өкілі шықты. Олардың ішінде қазақстандық Гүлнәз Аманғали да бар. Қатысушылар Just Dance ойыны негізінде экрандағы биді қайталап шығуы қажет. Ал компьютер әрбір бишінің қимылына баға береді. Аманғали өз қарсыласына 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бірақ жарыс жолын жалғастыра береді.Оның айтуынша, жарысқа фиджитал-дэнсингте тәжірибелі бишілер қатысып жатыр. Ал Гүлнәз өз дайындығын бір ай бұрын ғана бастаған.Айта кетері, бүгін іріктеу кезеңі өтеді. Ал ертең жеңімпаз атанады. Жарыстың сыйақы қоры - 75 мың доллар.
https://sputnik.kz/20260805/bolashaq-oyyndary--2026-perudin-playtime-komandasy-dota-2-chempiony-atandy-65487808.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1d/65313885_104:0:1176:804_1920x0_80_0_0_ac49c1dfb41ce08e00370c63da283fe1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, жарыс, цифрландыру
астана, жарыс, цифрландыру
"Болашақ ойындары": Гүлнәз Аманғали фиджитал-биден жарыс жолына шықты
13:16 06.08.2026 (жаңартылды: 14:40 06.08.2026) Жарыстың сыйақы қоры - 75 мың доллар
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Астанадағы "Болашақ ойындары" аясында фиджитал-дэнсинг жарыстары басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Жарыс жолына 15 елдің өкілі шықты. Олардың ішінде қазақстандық Гүлнәз Аманғали да бар. Қатысушылар Just Dance ойыны негізінде экрандағы биді қайталап шығуы қажет. Ал компьютер әрбір бишінің қимылына баға береді. Аманғали өз қарсыласына 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бірақ жарыс жолын жалғастыра береді.
"Бұл жерде бір көбірек ұпай жинаған адам ұтады. Бірінші биде жақсы көретін картам болды. Екіншісінде сәл жетпей қалды. Ал үшіншісінде жақсы билеген сияқты болдым. Бірақ ұпайлар басқаша шықты. Оның бәрін техника санайды ғой", - дейді ол.
Оның айтуынша, жарысқа фиджитал-дэнсингте тәжірибелі бишілер қатысып жатыр. Ал Гүлнәз өз дайындығын бір ай бұрын ғана бастаған.
Айта кетері, бүгін іріктеу кезеңі өтеді. Ал ертең жеңімпаз атанады. Жарыстың сыйақы қоры - 75 мың доллар.