https://sputnik.kz/20260806/astanada-zholaushy-mingen-ushqyshsyz-aue-kemesi-algash-ret-aspanga-koterildi-65496602.html
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет аспанға көтерілді
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет аспанға көтерілді
Sputnik Қазақстан
Бұл – Қазақстан тарихындағы жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы 06.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-06T12:16+0500
2026-08-06T12:16+0500
2026-08-06T12:19+0500
астана
көлік
такси
https://sputnik.kz/img/07ea/08/06/65496156_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_40c3de3e1d0a1a927dda643a5b48871c.jpg
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Астанада жолаушы мінген EH216-S ұшқышсыз әуе кемесінің тарихи демонстрациялық ұшуы өтті, деп хабарлады көлік министрілгі.Тік ұшып-қонып, электр қуатымен қозғалатын (eVTOL) сериялық әуе аппараты "Future Games 2026" халықаралық турнирі аясында елордадағы арнайы рұқсат етілген аумақта сынақ ұшуын орындады. Бұл – Қазақстан тарихындағы жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы.Әуе кемесі екі жолаушыны тасымалдауға арналған. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 130 шақырымды құрайды, ал ұшу қашықтығы 35 шақырымға дейін жетеді.Болашақта мұндай ұшқышсыз жолаушылар әуе жүйелері қолданыстағы көлік түрлерін толықтырып, еліміздің заманауи көлік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналады, дейді министрлікте.Жоба ұшқышсыз әуе жүйелерін түрлі салада пайдалануды көздейді. Атап айтқанда, оларды шұғыл медициналық көмек көрсетуге, дәрі-дәрмек жеткізуге, өрт сөндіру жұмыстарына, логистикаға және жедел әрекет етуді қажет ететін басқа да бағыттарға қолдану жоспарланған.Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстанда жолаушыларға арналған ұшқышсыз әуе жүйелерінің өндірісін кезең-кезеңімен өзімізде өндіру көзделіп отыр.
https://sputnik.kz/20260724/astana-aspanynda-aerotaksi-synaqtan-otti-65161524.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/06/65496156_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_abfcde27c090a224c79740a4c0985847.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, көлік, такси
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет аспанға көтерілді
12:16 06.08.2026 (жаңартылды: 12:19 06.08.2026) Бұл – Қазақстан тарихындағы жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Астанада жолаушы мінген EH216-S ұшқышсыз әуе кемесінің тарихи демонстрациялық ұшуы өтті, деп хабарлады көлік министрілгі.
Тік ұшып-қонып, электр қуатымен қозғалатын (eVTOL) сериялық әуе аппараты "Future Games 2026" халықаралық турнирі аясында елордадағы арнайы рұқсат етілген аумақта сынақ ұшуын орындады. Бұл – Қазақстан тарихындағы жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы.
Әуе кемесі екі жолаушыны тасымалдауға арналған. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 130 шақырымды құрайды, ал ұшу қашықтығы 35 шақырымға дейін жетеді.
"Алғашқы кезеңде Қазақстанның табиғи, мәдени және тарихи көрікті жерлері үстімен ұзақтығы 5–30 минут болатын демонстрациялық және туристік бағыттарды іске қосу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Болашақта мұндай ұшқышсыз жолаушылар әуе жүйелері қолданыстағы көлік түрлерін толықтырып, еліміздің заманауи көлік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналады, дейді министрлікте.
Жоба ұшқышсыз әуе жүйелерін түрлі салада пайдалануды көздейді. Атап айтқанда, оларды шұғыл медициналық көмек көрсетуге, дәрі-дәрмек жеткізуге, өрт сөндіру жұмыстарына, логистикаға және жедел әрекет етуді қажет ететін басқа да бағыттарға қолдану жоспарланған.
Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстанда жолаушыларға арналған ұшқышсыз әуе жүйелерінің өндірісін кезең-кезеңімен өзімізде өндіру көзделіп отыр.