Астанада Абай күні қалай аталып өтеді
12:45 06.08.2026 (жаңартылды: 12:47 06.08.2026)

© Sputnik / Жания Уранкаева
Жазылу
10 тамызда ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толады
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Астана әкімдігі Абай күніне арналған шаралардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
10 тамызда ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толады. Осыған орай Астанада әдеби-музыкалық кештер, форумдарды, кітап көрмелері, театр қойылымдары, шығармашылық байқаулар, зияткерлік ойындар және өзге де іс-шаралар ұйымдастырылады.
7 тамыз
"Абай әлемі" атты дөңгелек үстел ("Руханият" орталығы, Қошқарбаев даңғылы, 50);
"Абай – ұлттың рухани темірқазығы" атты мәнерлеп оқу кеші (№10 көпшілік кітапхана, сағат 11:00-де)
"Ұлы Абайдың әдеби мұрасы" атты кітап көрмесі (№3 көпшілік кітапхана, сағат 12:00-де);
"Жүрегімнің түбіне терең бойла" атты поэзия сағаты (№3 балалар кітапханасы, сағат 12:00-де);
"Әнді сүйсең, менше сүй" атты қазақ тіліндегі караоке (Арбат, сағат 20:00-де).
8 тамыз
"Абай әлеміне саяхат" атты өлеңдерді мәнерлеп оқу (№6 балалар кітапханасы, сағат 12:00-де)
Абай күніне арналған зияткерлік-ақпараттық акция ("Жетісу" саябағы, сағат 18:00-де);
"Әнді сүйсең, менше сүй" атты қазақ тіліндегі караоке (Арбат, сағат 19:00-де).
9 тамыз
"Әнді сүйсең, менше сүй" атты қазақ тіліндегі караоке (Арбат, сағат 19:00-де).
10 тамыз
Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі (сағат 09:00-де);
"Сөз өнері. Жасампаз жас қалам" атты жас жазушылардың республикалық форумы (Ұлттық академиялық кітапхана, сағат 10:30-да);
"Қара сөзден ой түйген дана Абай" атты оқу кеші (№5 балалар кітапханасы, сағат 11:00-де);
"Желсіз түнде жарық ай" атты әдеби-музыкалық кеш (қала әкімдігі алдындағы амфитеатр, сағат 17:00-де);
Сондай-ақ, 14 тамызда "Руханият" орталығында "Абай лирикасындағы табиғат" тақырыбында ашық сабақ өтсе, 18 тамыз "Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасы және рухани әлемі" атты ашық сабақ (Бейбітшілік көшесі, 9) ұйымдастырылады.
2026 жылдың соңына дейін елорда тұрғындары мен қонақтары Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған театр қойылымдарын да тамашалай алады.
"Abai-La" драмалық спектаклі ("Қанаттылар" инклюзивті театры);
"Абай-Тоғжан" музыкалық драмасы (Жас көрерменнің музыкалық театры);
"Жас Абай" және "45" спектакльдері (Ә. Мәмбетов атындағы драма және комедия театры).
