Ресейлік қоймаларға шабуыл: Wildberries қазақстандық сатушыларға өтемақы төлеуге уәде етті
13:51 05.08.2026 (жаңартылды: 14:01 05.08.2026)

© Sputnik / Ирина Алтухова
/ Жазылу
Сонымен қатар компания сақтауға, логистикаға арналған жеңілдетілген тарифтерді және жеңілдіктерді субсидиялауды іске қосты
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығының Wildberries өкілдерімен кездесу өткізді.
"Бизнес өкілдеріне арналған бұл диалог алаңын Wildberries басшылығының қатысуымен арнайы ұйымдастырдық. Мақсатымыз – келтірілген залалды бағалаудың нақты алгоритмдерін әзірлеу және зардап шеккен сатушыларға құқықтық қолдау көрсету", – деді "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.
Ұлттық палата ресейлік әріптестерді қазақстандық сауда өкілдерімен әрі қарайғы өзара іс-қимыл, келтірілген залалды өтеу туралы өтініштерді қарау бойынша нақты ұстаным білдіруге шақырды.

Руководство НПП "Атамекен" провело встречу с представителями Wildberries
Wildberries өкілдерінің ақпаратынша, қазір арнайы жұмыс штабы құрылып, оның қызметіне бейінді сарапшылар, салалық бірлестіктер мен қауымдастықтар тартылып жатыр. Негізгі міндет – сатушылардың өтінішін қараудың және залалды есептеу механизмдерін айқындаудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу.
"Қазақстан – біз үшін басым бағыт болып қала бермек және біз елдегі платформаны дамытуға инвестиция салуды, қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауды және электрондық сауда нарығын нығайтуды әрі қарай да жалғастыруға ниеттіміз. Wildberries серіктестерді елдік белгісі бойынша бөліп жармайды. Логистикалық нысандарда тауарлары зардап шеккен сатушыларға арналған барлық көмек пен өтемақы шаралары Қазақстаннан келген селлерлерге де толық көлемде қолданылады", – деді Wildberries Инновациялар мен экожүйені дамыту департаментінің директоры Евгений Этин.
Қолдау төлемдері компанияда бар расталған деректер негізінде бірыңғай тәсілмен жүзеге асырылып жатыр. Компания өкілдерінің дерегінше, қолдау шаралары ақпаратты өңдеу және салдарды бағалау деңгейіне қарай кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр.

Руководство НПП "Атамекен" провело встречу с представителями Wildberries
"Бұл көмек мүмкіндігінше зардап шеккендердің кең ауқымына қолжетімді болуы үшін, бірінші кезеңде төлемдерді 88 мыңнан астам сатушы, соның ішінде тауар қалдықтары аз кәсіпкерлер алды. Сонымен қатар компания сақтауға, логистикаға арналған жеңілдетілген тарифтерді және жеңілдіктерді субсидиялауды іске қосты. Өтемақының екінші кезеңі шағын және орта бизнес өкілдерінен тұратын 97 мыңнан астам кәсіпкерді, соның ішінде бұған дейін алғашқы қолдау төлемдерін алған сатушыларды қамтыды. Оқиға салдарына толық баға берілгеннен кейін компания кейінгі шешімдер мен төлемдердің тәртібін бекітеді", - дейді Wildberries өкілдері.
Wildberries Қазақстанда 2014 жылдан бері жұмыс істейді, ал 2021 жылы тікелей сатуды іске қосты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша алаңда 120 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкер тіркелген, ал олардың экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 62%-ға өскен.
