Қазақстанда тіркелген әрбір үшінші қылмыс – алаяқтық

© Photo : ДП Абайской областиКибермошенник, иллюстративное фото
Кибермошенник, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2026
Жазылу
Жеті айда 57 мың алаяқтық қылмысы тіркелді
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Қазақстанда тіркелген әрбір үшінші қылмыс – алаяқтық, деп жазды Ranking.kz.
Биыл қаңтар-маусым айларында осындай 57 мың құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға аз. Ал 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 3,6 есеге төмендеген.
Қазір қылмыстық құқық бұзушылықтардың көпшілігі электронды форматта тіркеледі. Бір жыл бұрын электронды форматтың үлесі 93,1%-ды құраған. Бұл құқық бұзушылықтардың интернет арқылы жасалғанын білдірмейді. Мұнда қылмыстық істі цифрлық форматта жүргізу туралы айтылып отыр. Бұл құжаттарды жылдам рәсімдеуге және тергеу барысын бақылауға мүмкіндік береді.
Биыл қаңтар-маусым айларында қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең көбі Алматы қаласында тіркелген. Ал Қарағанды және Ақмола облыстарында қылмыстық құқық бұзушылықтар саны айтарлықтай азайған.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 124 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,6%-ға аз. 2015 жылмен салыстырғанда олардың саны үш еседен астам төмендеген. 2025 жылы 113 мың қылмыстық құқық бұзушылық электронды форматта тіркелген.
Соңғы он жылда қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрылымы айтарлықтай өзгерді. Алайда алаяқтық ең көп тіркелетін қылмыс түрі болып қалған.
Интернеттегі алаяқтық - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Полиция демалыс үйлерін жалға алу кезіндегі алаяқтық туралы ескертті
Жаңалықтар
0