https://sputnik.kz/20260805/kornekti-kinorezhisser-ardaq-amirqulov-dunieden-otti-65465956.html
Көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
Көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
Sputnik Қазақстан
Ардақ Әмірқұлов 1955 жылдың 10 желтоқсанында Жамбыл облысында дүниеге келген 05.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-05T11:50+0500
2026-08-05T11:50+0500
2026-08-05T11:53+0500
қазақстан
көңіл айту
қазақстандық режиссер
https://sputnik.kz/img/07ea/08/05/65465696_0:42:906:552_1920x0_80_0_0_c0844c9d9a9715cf0e3a5cd6ff9f81a8.jpg
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов 70 жасында дүниеден өтті, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.Министрлікте хабарлағандай, Ардақ Әмірқұловтың "Отырардың күйреуі", "Абай", "Қош бол, Гүлсары!" және өзге де фильмдері ұлттық кино өнерінің алтын қорынан орын алды. Оның шығармалары ел тарихын, халықтың рухани құндылықтарын және адам тағдырын терең бейнелеуімен ерекшеленіп, көрермен қауым мен кәсіби ортаның жоғары бағасына ие болды."Ардақ Жамансарыұлының жарқын бейнесі, өнегелі ғұмыры мен қазақ мәдениеті мен кино өнерінің дамуына сіңірген елеулі еңбегі халық жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!", - деп министрлікте марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.Ардақ Әмірқұлов 1955 жылдың 10 желтоқсанында Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және "Құрмет" орденінің иегері.
https://sputnik.kz/20260420/mukhtar-shakhanov-dunieden-ozdy-62794246.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/05/65465696_0:83:906:763_1920x0_80_0_0_f41236bb788f7765c77c7856f871cfa1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, көңіл айту, қазақстандық режиссер
қазақстан, көңіл айту, қазақстандық режиссер
Көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
11:50 05.08.2026 (жаңартылды: 11:53 05.08.2026) Ардақ Әмірқұлов 1955 жылдың 10 желтоқсанында Жамбыл облысында дүниеге келген
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов 70 жасында дүниеден өтті, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.
"Ұлттық кино өнерін дамытуға саналы ғұмырын арнаған Ардақ Жамансарыұлы қазақ кинематографиясының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Дарынды режиссер, білікті ұстаз әрі тәлімгер ретінде бірнеше буын киногерлердің қалыптасуына ықпал етті", - деп жазды министрлікте.
Министрлікте хабарлағандай, Ардақ Әмірқұловтың "Отырардың күйреуі", "Абай", "Қош бол, Гүлсары!" және өзге де фильмдері ұлттық кино өнерінің алтын қорынан орын алды. Оның шығармалары ел тарихын, халықтың рухани құндылықтарын және адам тағдырын терең бейнелеуімен ерекшеленіп, көрермен қауым мен кәсіби ортаның жоғары бағасына ие болды.
"Ардақ Жамансарыұлының жарқын бейнесі, өнегелі ғұмыры мен қазақ мәдениеті мен кино өнерінің дамуына сіңірген елеулі еңбегі халық жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!", - деп министрлікте марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Ардақ Әмірқұлов 1955 жылдың 10 желтоқсанында Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және "Құрмет" орденінің иегері.