https://sputnik.kz/20260805/euroodaq-reseyge-qarsy-zhana-sanktsiyalar-paketin-dayyndap-zhatyr---baq-65460420.html
Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін дайындап жатыр - БАҚ
Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін дайындап жатыр - БАҚ
Sputnik Қазақстан
Әлеуетті жаңа санкциялар пакетіне ауқымды шектеулер кіруі екіталай 05.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-05T09:07+0500
2026-08-05T09:07+0500
2026-08-05T09:07+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_0:38:3037:1746_1920x0_80_0_0_cd0296100d410cb8276be4558a296a49.jpg
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Еуроодақ қазан айының ортасына қарай Ресйге қарсы жаңа санкциялар пакетін талқылап, бекітуді көздеп отыр, деп хабарлады "Известия" газеті еуропалық дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасай отырып."Известиядағы" аты аталмаған дереккөздің хабарлауынша, Ресейге қарсы жаңа 22-ші санкциялар пакетінің жобасын Еуропалық комиссия дайындап жатыр және ол Еуроодақ Кеңесінің қарауына ұсынылған жоқ.Еуропалық тағы бір дипломатиялық дереккөздің хабарлауынша, әлеуетті жаңа санкциялар пакетіне ауқымды шектеулер кіруі екіталай. Дереккөз бұл тәсілді ЕО қолданыстағы шектеулерді айналып өтуге жол бермеу әрекеттеріне назар аударғысы келетінін мәлімдеумен ақтап отыр."Ол пакет санкциялардан жалтаруға қарсы күреске және осы схемаларда делдал ретінде әрекет ететін ұйымдарды қара тізімге қосуға бағытталады", - деп мәлімдеді агенттіктің дереккөзі.Еске салайық, 23 шілдеде Еуроодақ Кеңесі Ресейге қарсы 21-ші санкциялар пакетін мақұлдады. Financial Times басылымы еуропалық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, сол кезде мұндай шаралар бойынша келісудегі қиындықтарға байланысты бұл соңғы болуы мүмкін екенін хабарлады.Еуроодақтың алдыңғы санкциялар пакеттерін бекіту кейбір елдердің ұстанымына байланысты бірнеше рет қиындықтарға тап болды. Олар бұл тәсілді Ресейге қарсы шектеулердің Еуропа елдерінің экономикасына тікелей теріс әсеріне байланысты сынға алды.Шілде айының соңында, Ресейге қарсы шаралардың 21-ші пакеті қабылданғаннан кейін, Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Батыс санкциялары Ресей экономикасын салдандырмағанын, қиындықтар тудырғанымен, дамып келе жатқанын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20260804/zelenskiy-resey-ukraina-zhane-belarus-kompaniyalaryna-qarsy-sanktsiyalar-engizdi-65446171.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_154:0:2885:2048_1920x0_80_0_0_a5c6dbc0ffec4ec99f512a091635980e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін дайындап жатыр - БАҚ
Әлеуетті жаңа санкциялар пакетіне ауқымды шектеулер кіруі екіталай
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Еуроодақ қазан айының ортасына қарай Ресйге қарсы жаңа санкциялар пакетін талқылап, бекітуді көздеп отыр, деп хабарлады "Известия" газеті еуропалық дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасай отырып.
"Известиядағы" аты аталмаған дереккөздің хабарлауынша, Ресейге қарсы жаңа 22-ші санкциялар пакетінің жобасын Еуропалық комиссия дайындап жатыр және ол Еуроодақ Кеңесінің қарауына ұсынылған жоқ.
"Барлық процедураны 12 қазандағы Сыртқы істер кеңесінің отырысына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Дегенмен, бұл ертерек болуы да мүмкін", - деді дереккөз "Известияға".
Еуропалық тағы бір дипломатиялық дереккөздің хабарлауынша, әлеуетті жаңа санкциялар пакетіне ауқымды шектеулер кіруі екіталай. Дереккөз бұл тәсілді ЕО қолданыстағы шектеулерді айналып өтуге жол бермеу әрекеттеріне назар аударғысы келетінін мәлімдеумен ақтап отыр.
"Ол пакет санкциялардан жалтаруға қарсы күреске және осы схемаларда делдал ретінде әрекет ететін ұйымдарды қара тізімге қосуға бағытталады", - деп мәлімдеді агенттіктің дереккөзі.
Еске салайық, 23 шілдеде Еуроодақ Кеңесі Ресейге қарсы 21-ші санкциялар пакетін мақұлдады. Financial Times басылымы еуропалық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, сол кезде мұндай шаралар бойынша келісудегі қиындықтарға байланысты бұл соңғы болуы мүмкін екенін хабарлады.
Еуроодақтың алдыңғы санкциялар пакеттерін бекіту кейбір елдердің ұстанымына байланысты бірнеше рет қиындықтарға тап болды. Олар бұл тәсілді Ресейге қарсы шектеулердің Еуропа елдерінің экономикасына тікелей теріс әсеріне байланысты сынға алды.
Шілде айының соңында, Ресейге қарсы шаралардың 21-ші пакеті қабылданғаннан кейін, Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Батыс санкциялары Ресей экономикасын салдандырмағанын, қиындықтар тудырғанымен, дамып келе жатқанын мәлімдеді.