"Әншілер – шайтанның азаншысы": Тойда "уағыз" айтқан ер адам қамауға алынды

© Photo : Pixabay / Rudy and Peter SkitteriansМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2026
Жазылу
66 жастағы тұрғынының сөздеріндегі діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында тойдағы құттықтау сөзінде музыканы харам деп, әншілерді шайтанның азаншысына теңеген ер адам қамауға алынды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Бұған дейін хабарланғандай, 66 жастағы тұрғынының сөздеріндегі діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полицияда.
Ішкі істер министрлігі Қазақстан Конституциясында еліміздің зайырлы, құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет екені, ал адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылықтар екені бекітілгенін еске салды.
"Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, жынысына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға байланысты кез келген кемсітуге тыйым салынады. Сонымен қатар сөз бостандығы басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқпауға тиіс, ал діни және әлеуметтік араздықты насихаттауға жол берілмейді", - дейді тәртіп сақшылары.
ІІМ адамның қадір-қасиетін қорлайтын, әйелдерді кемсітетін, діни немесе әлеуметтік араздықты қоздыратын не қоғамдық келісімді бұзуға бағытталған кез келген жария мәлімдемелерге заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетінін ескертеді.
Тойда музыка - харам деген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2026
Тойда "музыка - харам" деген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар
0