https://sputnik.kz/20260805/almatyda-tauga-shyqqan-turistin-ustine-tas-qulap-ketti-65464360.html
Алматыда тауға шыққан туристің үстіне тас құлап кетті
Алматыда тауға шыққан туристің үстіне тас құлап кетті
Sputnik Қазақстан
Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр 05.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-05T10:39+0500
2026-08-05T10:39+0500
2026-08-05T10:43+0500
алматы облысы
төтенше жағдай
тау
https://sputnik.kz/img/07ea/08/05/65464056_0:370:960:910_1920x0_80_0_0_ce906bd1429f76ff041e723a6c51f9ec.jpg
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Алматы облысының тауларында құтқарушылар тас құлауы салдарынан зардап шеккен туристі эвакуациялады, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.Биіктігі 2 970 метр Левый Талғар шатқалынан жорық кезінде үстіне тас құлап, зардап шеккен турист күрделі жағдайда эвакуацияланды.Құтқарушылар зардап шегушіні күрделі таулы жер бедері арқылы Кіші Талғар асуына қарай тасымалдап, жолда оларға Алматы қаласы альпинизм федерациясының еріктілері қосылды. Бірлескен эвакуация жұмыстары "Шымбұлақ" тау курортына дейін жалғасты.Одан әрі зардап шегуші қалалық клиникалық ауруханаға жатқызу үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.
https://sputnik.kz/20260627/almaty-taularynda-5-turist-qutqaryldy-64488898.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/05/65464056_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_03b8e090e1dc410afe41f4da33910bf0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, төтенше жағдай, тау
алматы облысы, төтенше жағдай, тау
Алматыда тауға шыққан туристің үстіне тас құлап кетті
10:39 05.08.2026 (жаңартылды: 10:43 05.08.2026) Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Алматы облысының тауларында құтқарушылар тас құлауы салдарынан зардап шеккен туристі эвакуациялады, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Биіктігі 2 970 метр Левый Талғар шатқалынан жорық кезінде үстіне тас құлап, зардап шеккен турист күрделі жағдайда эвакуацияланды.
"Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына екі бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылары шұғыл аттанды. Олар келген кезде зардап шегушіні анықтап, алғашқы медициналық көмек көрсетті және оның жағдайын ауыр деп бағалады", деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар зардап шегушіні күрделі таулы жер бедері арқылы Кіші Талғар асуына қарай тасымалдап, жолда оларға Алматы қаласы альпинизм федерациясының еріктілері қосылды. Бірлескен эвакуация жұмыстары "Шымбұлақ" тау курортына дейін жалғасты.
Одан әрі зардап шегуші қалалық клиникалық ауруханаға жатқызу үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.