Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Ресей мен Қытай қарым-қатынасының күшеюіне алаңдаушылық білдірді

© AP Photo / Efrem LukatskyВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Жазылу
Сонымен қатар Зеленский Киевтің Латын Америкасы елдеріндегі ықпалын күшейтуі қажет екенін атап өтті
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеу мен Пекин қарым-қатынасының күшеюіне байланысты Қытаймен диалог орнату қажет екенін мәлімдеді.
"Егер Қытайдың ресейліктерді толық қолдағанын қаламасақ, онымен диалог орнату жолдарын іздеуіміз керек. Егер ол Ресеймен болашақты бірге құруды ойлап, басқа елдерді көрмесе, онда осы бағыттағы жұмысты қолға алу қажет", – деп "РБК-Украина" оның сөзінен үзінді келтірді.
Сонымен қатар Зеленский Киевтің Латын Америкасы елдеріндегі ықпалын күшейтуі қажет екенін атап өтті.
Шілде айының соңында Қытай сыртқы істер министрі Ван И Бейжің Ресеймен стратегиялық серіктестікті дамыту бағытын жалғастыра беретінін мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
0