https://sputnik.kz/20260804/uade-etilgen-otkel-qayda-koktalda-zhayau-zhurginshiler-zholy-ali-salynbagan-65453696.html
"Уәде етіп, ұмытып кетті": Көкталда жаяу өткел әлі салынбаған
"Уәде етіп, ұмытып кетті": Көкталда жаяу өткел әлі салынбаған
Sputnik Қазақстан
Сәуір айында көкталдықтар бұл мәселені Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып, көмек сұраған болатын 04.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-04T16:39+0500
2026-08-04T16:39+0500
2026-08-04T16:51+0500
көктал ауылы
жол
https://sputnik.kz/img/07ea/08/04/65453842_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_9739de3f1457448c394af42fddc254e8.jpg
АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Көктал ауылындағы тас жолда жаяу өткел әлі салынбаған. Тұрғындар жолды кесіп өтуге мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Алматы – Қорғас тасжолы ауылды екіге бөліп тастаған. Соның салдарынан тұрғындардың мектебі мен мешіті жолдың арғы бетінде қалған. Қазір ауыл тұрғындары көлік көп жүретін күре жолдан жүгіріп өтіп, темір қоршаулардан аттап жүр.Сәуір айында көкталдықтар бұл мәселені Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып, көмек сұраған болатын. Осыдан кейін ауылға жауапты мекеме өкілдері келіп, жаяу өткел салуға уәде берген. Алайда бірнеше ай өтсе де, мәселе шешімін таппаған.Көктал ауылы Қайнар ауылдық округіне қарайды. Ауыл әкімдігі де тұрғындардың мәселесі өзекті екенін айтып, облыстық полиция департаментіне ұсыныс хат жолдаған.Қайнар ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Қуат Бекзаттың айтуынша, 24 шілдеде полиция департаментіне жолданған хатқа 3 тамызда жауап келген.Ауылдық округ әкімі Нұрбол Есенбаевтың айтуынша, егер тиісті рұқсат берілсе, мәселені өздері шешуге дайын.Sputnik Қазақстан тілшісі бұл мәселеге байланысты ҚазАвтоЖол компаниясына да хабарласты. Компания өкілдері мәселе жақын арада шешілетінін айтты.
https://sputnik.kz/20260408/koktalda-mektep-te-kopir-de-zhoq-turgyndar-zholdan-zhugirip-otuge-mazhbur-62497924.html
көктал ауылы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/04/65453842_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_4385bf9a289ea48512c0189643865030.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
көктал ауылы, жол
"Уәде етіп, ұмытып кетті": Көкталда жаяу өткел әлі салынбаған
16:39 04.08.2026 (жаңартылды: 16:51 04.08.2026) Сәуір айында көкталдықтар бұл мәселені Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып, көмек сұраған болатын
АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Көктал ауылындағы тас жолда жаяу өткел әлі салынбаған. Тұрғындар жолды кесіп өтуге мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алматы – Қорғас тасжолы ауылды екіге бөліп тастаған. Соның салдарынан тұрғындардың мектебі мен мешіті жолдың арғы бетінде қалған. Қазір ауыл тұрғындары көлік көп жүретін күре жолдан жүгіріп өтіп, темір қоршаулардан аттап жүр.
Сәуір айында көкталдықтар бұл мәселені Sputnik Қазақстан тілшісіне
айтып, көмек сұраған болатын. Осыдан кейін ауылға жауапты мекеме өкілдері келіп, жаяу өткел салуға уәде берген. Алайда бірнеше ай өтсе де, мәселе шешімін таппаған.
"Бұрын бір ауыл едік, қазір Достық пен Көктал болып екіге бөлініп қалдық. Мешітке, басқа да жерлерге өту қиындады. Үлкен кісілер темір бөгеттерден әзер өтеді. Жолда жылдамдықты азайтатын белгі де, жаяу жүргінші жолы да жоқ. Көпір салынбайтынын айтты. Ал жаяу жүргіншілер жолы салынады деген еді, әлі жоқ", – дейді Көктал ауылының тұрғыны Серік Айнақұлов.
Көктал ауылы Қайнар ауылдық округіне қарайды. Ауыл әкімдігі де тұрғындардың мәселесі өзекті екенін айтып, облыстық полиция департаментіне ұсыныс хат жолдаған.
Қайнар ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Қуат Бекзаттың айтуынша, 24 шілдеде полиция департаментіне жолданған хатқа 3 тамызда жауап келген.
"Алматы – Қорғас жолындағы көлік қозғалысы өте жоғары. Сондықтан жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жарықтандыру жүргізіп, жаяу өткел салу қажет деген ұсыныс берілді", – деді ол.
Ауылдық округ әкімі Нұрбол Есенбаевтың айтуынша, егер тиісті рұқсат берілсе, мәселені өздері шешуге дайын.
"Жаяу жүргіншілер жолын салуға рұқсат берсе, өзіміз жасап қояр едік. Бірақ әзірге рұқсат жоқ. ҚазАвтоЖолдан нақты жауап күтіп отырмыз", – деді әкім.
Sputnik Қазақстан тілшісі бұл мәселеге байланысты ҚазАвтоЖол компаниясына да хабарласты. Компания өкілдері мәселе жақын арада шешілетінін айтты.