Тоқаев Пашинянды Армения премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтады

© Photo : АкордаНикол Пашинян и Касым-Жомарт Токаев
Никол Пашинян и Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Жазылу
Президент Армения премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, армян халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлады Ақорда.
Никол Пашинян жылы лебізге ризашылығын білдіріп, Қазақстан президенті мен халқына Құрылтай сайлауын сәтті өткізуге тілектестігін жеткізді.
"Президент пен премьер-министр қазақ-армян қарым-қатынасы қарқынды түрде дамып келе жатқанына көңіл толатынын атап өтіп, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендерін растады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар бұған дейін, соның ішінде былтыр қараша айында Армения үкіметі басшысының Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.
Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейтуге баса назар аударылды.
Никол Пашинян - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2026
Пашинян Армения премьер-министрі болып қайта тағайындалды
Жаңалықтар
0