https://sputnik.kz/20260804/oralda-azyq-tulik-dukenine-qaraqshylyq-shabuyl-zhasagan-kudikti-ustaldy-65442493.html
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Sputnik Қазақстан
Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктінің қалың шөптің арасында жасырынып жатқанын байқап қалған 04.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-04T09:03+0500
2026-08-04T09:03+0500
2026-08-04T09:03+0500
орал
қарақшылар
дүкен
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Орал қаласында азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.30 шілде күні сағат 15:40-та полицияның "102" арнасына Орал қаласындағы дүкендердің бірінде белгісіз ер адамның бетперде киіп, сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы қолма-қол ақшаны алып кеткені туралы хабарлама түскен.Тәртіп сақшылары күдіктінің алысқа ұзап үлгермегенін есептеп, іздеуді жақын маңнан бастаған.Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктінің қалың шөптің арасында жасырынып жатқанын байқап қалған. Алайда ол қолындағы пышақпен полиция қызметкерлеріне тап берген.Арнайы әдістерді қолданған тәртіп сақшылары қарулы шабуылдаушыны санаулы сәттер ішінде құрықтаған."Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ұсталған азаматтың 29 жаста екені анықталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицияда.Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, сонымен қатар күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
https://sputnik.kz/20260802/aqmola-oblysynda-zhol-apatyna-kinali-er-adam-zhurgizushige-burauyshpen-shabuyl-zhasady-65405538.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, қарақшылар, дүкен
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктінің қалың шөптің арасында жасырынып жатқанын байқап қалған
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Орал қаласында азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
30 шілде күні сағат 15:40-та полицияның "102" арнасына Орал қаласындағы дүкендердің бірінде белгісіз ер адамның бетперде киіп, сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы қолма-қол ақшаны алып кеткені туралы хабарлама түскен.
"Ақпарат бойынша оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары дүкен мен оған іргелес аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын жедел зерделеп, күдіктінің фотокескінін әзірледі. Бірнеше минуттың ішінде барлық наряд пен қызметтерге бағдар беріліп, аумақ толық қоршауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Тәртіп сақшылары күдіктінің алысқа ұзап үлгермегенін есептеп, іздеуді жақын маңнан бастаған.
Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктінің қалың шөптің арасында жасырынып жатқанын байқап қалған. Алайда ол қолындағы пышақпен полиция қызметкерлеріне тап берген.
Арнайы әдістерді қолданған тәртіп сақшылары қарулы шабуылдаушыны санаулы сәттер ішінде құрықтаған.
"Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ұсталған азаматтың 29 жаста екені анықталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицияда.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, сонымен қатар күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.