Мүфтият тойдағы даулы "уағызға" қатысты мәлімдеме жасады

© Photo : Рixabay/SimonephМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Жазылу
ҚМДБ: Адамгершілікке үндейтін әндерге исламда рұқсат бар
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. "Музыка – харам, әншілер – шайтанның азаншысы" деген ер адамның тойдағы "уағызынан" кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мүфтияттың хабарлауынша, ислам діні даналықпен насихат айтуға, өзгелерді ауыр сөзбен айыптамауға, біреудің ар-намысына құрметпен қарауға үндейді.
"Сондықтан қандай да діни мәселеге қатысты өнер өкілдерін жалпылама айыптау немесе оларға ауыр сипаттама беру дұрыс емес. Сонымен қатар аналарымызды, қыз-келіншектерді бейәдеп сөзбен кемсіту де өрескел қателік деп санаймыз", - делінген мәлімдемеде.
ҚМБД адамды арсыздыққа, азғындыққа және шариғат тыйым салған істерге үндейтін әндерді дініміз құптамайтынын атап өтті.
"Алайда дініміз бен дәстүріміздің асыл құндылықтарын дәріптейтін, Отанды қорғауға, ата-ананы қадірлеуге үндейтін, адамгершілік пен ізгілікке шақыратын әндерге рұқсат берілетіні жайында Ислам ғалымдарының пікірі бар", - дейді мүфтияттағылар.
Бұған дейін желіде ер адамның тойда "еркектер мен ұрғашылардың бірге отыруы" дұрыс еместігін, сондай-ақ "әншілерді шайтанның азаншысы" деп тілектің орнына уағыз айтқан айтқан видеосы тараған еді. Бұл жағдай қазақстандықтар арасында қызу талқыға түсті.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2026
"Ібілістің жыныс мүшесі": домбыраны қорлаған ақтөбелік үш жарым жылға сотталды
Жаңалықтар
0