https://sputnik.kz/20260804/bolashaq-oyyndary--2026-translyatsiya-qaralymy-bir-taulikte-100-millionga-artty-65454418.html
"Болашақ ойындары – 2026": трансляция қаралымы бір тәулікте 100 миллионға артты
"Болашақ ойындары – 2026": трансляция қаралымы бір тәулікте 100 миллионға артты
Sputnik Қазақстан
Кеше онлайн-трансляциялардың қаралымы 85 миллион болса, бүгін бұл көрсеткіш 185 миллионға жетті 04.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-04T17:11+0500
2026-08-04T17:11+0500
2026-08-04T17:11+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1d/65306346_0:133:2560:1573_1920x0_80_0_0_06775cf1c20b63c1a8c3e15cf4c829e0.jpg
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Астанада өтіп жатқан "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық турнирінің онлайн-трансляцияларын көру көрсеткіші бір тәулік ішінде 100 миллионға өскен, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.Кеше жарыс трансляцияларының жалпы қаралымы 85 миллион болса, бүгін бұл көрсеткіш 185 миллионға жетті.Кеше фиджитал-баскетбол жарысы аяқталып, онда Ресей құрамасының командасы жеңіске жетті.Бүгін Counter-Strike 2 ойыны бойынша фиджитал-шутер жарыстары басталды. Алғашқы кездесуде Қазақстан командасы жеңіске жетті. Қазіргі уақытта Ресей мен Испания командалары өзара бақ сынап жатыр.Жарыстың физикалық кезеңі лазертаг форматында өтеді. Ойыншылар бір-біріне қауіпсіз лазерлермен оқ атады, ал дәл тигізу нәтижелері арнайы жабдықтағы сенсорлар арқылы тіркеледі.Сонымен қатар PUBG ойыны бойынша жеке жарыс та өтеді. Турнир бағдарламасында фиджитал-жауынгерлік өнер, фиджитал-футбол, Dota 2 және Just Dance бағыттары да бар.Астанада өтіп жатқан "Болашақ ойындары" – осы форматтағы үшінші халықаралық жарыс. Бұған дейін турнир Біріккен Араб Әмірліктерінде, ал 2024 жылы Қазан қаласында өткен.
https://sputnik.kz/20260803/bolashaq-oyyndary--2026-wilders-komandasy-fidzhital-basketboldan-chempion-boldy-65438139.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1d/65306346_144:0:2417:1705_1920x0_80_0_0_e5119795eeade25aa97444f1263d4941.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
"Болашақ ойындары – 2026": трансляция қаралымы бір тәулікте 100 миллионға артты
Кеше онлайн-трансляциялардың қаралымы 85 миллион болса, бүгін бұл көрсеткіш 185 миллионға жетті
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Астанада өтіп жатқан "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық турнирінің онлайн-трансляцияларын көру көрсеткіші бір тәулік ішінде 100 миллионға өскен, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Кеше жарыс трансляцияларының жалпы қаралымы 85 миллион болса, бүгін бұл көрсеткіш 185 миллионға жетті.
Кеше фиджитал-баскетбол жарысы аяқталып, онда Ресей құрамасының командасы жеңіске жетті.
Бүгін Counter-Strike 2 ойыны бойынша фиджитал-шутер жарыстары басталды. Алғашқы кездесуде Қазақстан командасы жеңіске жетті. Қазіргі уақытта Ресей мен Испания командалары өзара бақ сынап жатыр.
Жарыстың физикалық кезеңі лазертаг форматында өтеді. Ойыншылар бір-біріне қауіпсіз лазерлермен оқ атады, ал дәл тигізу нәтижелері арнайы жабдықтағы сенсорлар арқылы тіркеледі.
Сонымен қатар PUBG ойыны бойынша жеке жарыс та өтеді. Турнир бағдарламасында фиджитал-жауынгерлік өнер, фиджитал-футбол, Dota 2 және Just Dance бағыттары да бар.
Астанада өтіп жатқан "Болашақ ойындары" – осы форматтағы үшінші халықаралық жарыс. Бұған дейін турнир Біріккен Араб Әмірліктерінде, ал 2024 жылы Қазан қаласында өткен.