Бектенов отандық тауарларды ақпараттық шабуылдан қорғауды тапсырды

Үкімет отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Жазылу
Қазақстанда өндірілетін танымал тауарларды қаралау үшін әдейі ұйымдастырылған ақпараттық науқандар орын алып жатыр
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов отандық тауарларды ақпараттық шабуылдан қорғауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында отандық тауарларды қолдау мәселесі қаралды. Сол кезде премьер танымал тауарларды нарықтан ығыстыруды көздейтін әрекеттерге тоқталды.
"Қазақстанда өндірілетін танымал тауарларды, атап айтқанда, азық-түлік және кондитерлік өнімдерді қаралау үшін әдейі ұйымдастырылған ақпараттық науқандар орын алып жатыр. Мұның барлығының көздеген мақсаты бір – бәсекелестерді нарықтан ығыстырып, олардың орнын иемденіп қалу", - деді Бектенов.
Осыған байланысты мәдениет және ақпарат министрлігі "Қазақстанда жасалған" ұлттық брендін негізсіз ақпараттық шабуылдардан қорғауға бағытталған бірыңғай ақпараттық науқанды жүргізуі тиіс.
Тұрмыстық техника - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Автокөлік орындығы мен тұрмыстық техника: Қазақстан үш жылда қандай тауар шығара бастады
Жаңалықтар
0