Бас прокуратура "Әділеттің" қызметі тексерілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды

© SputnikГенеральная прокуратура РК
Генеральная прокуратура РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Жазылу
Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы "Әділет" партиясының қызметіне қатысты тексеріс жүргізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Ведомство 4 тамызда бірқатар БАҚ-та жарияланған партия қызметінен заң бұзушылықтар анықталғаны туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеді.
Бас прокуратура мұндай тексеріс жүргізбегенін және аталған мазмұндағы хабарлама таратпағанын мәлімдеді.
Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Референдум в Казахстане 15 марта 2026 года  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
Референдумға қатысты жалған ақпарат таратқандар анықталды
Жаңалықтар
0