Шығыс Қазақстанда ер адам бұрынғы әйелінің құлағын кесіп алған

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2026
Жазылу
Әйел өзінің және алты баласының қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтып, көмек сұраған
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында алты баланың анасына пышақ жарақатын салған ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Әлеуметтік желіде Мәдина есімді тұрғын 25 шілдеде бұрынғы күйеуі өзіне шабуыл жасап, бірнеше рет пышақ жарақатын салғанын және құлағының бір бөлігін кесіп алғанын жазды.
Әйел өзінің және алты баласының қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтып, көмек сұраған.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт бойынша Самар ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2026
Атырау облысында ер адам баласын ренжіткен тұрғынның құлағын түбімен кесіп алды
Жаңалықтар
0