https://sputnik.kz/20260803/qazaqstan-zhogary-tekhnologiyalyq-onimderdin-reeksportyn-ulgaytyp-zhatyr-65431918.html
Қазақстан жоғары технологиялық өнімдердің реэкспортын ұлғайтып жатыр
Қазақстан жоғары технологиялық өнімдердің реэкспортын ұлғайтып жатыр
Sputnik Қазақстан
Қытай жоғары технологиялық өнімдердің негізгі жеткізушісі болып қала берді 03.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-03T22:52+0500
2026-08-03T22:52+0500
2026-08-03T22:52+0500
техника
қазақстан
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_0:32:2950:1691_1920x0_80_0_0_14d7b96b01a117b701cb097df8a76348.jpg
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстан күрделі техниканың реэкспортын ұлғайтып келеді. Бұған елдің қолайлы географиялық орналасуы, дамыған логистикалық инфрақұрылымы, ЕАЭО аясындағы кедендік реттеудің ерекшеліктері және Қазақстан арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерінің тиімділігі ықпал етіп отыр, деп жазды Energyprom.kz.Ұлттық статистика бюросының 2024–2025 жылдарға арналған деректеріне сүйенген есептеулерге сәйкес, жоғары технологиялық өнімдер мен тұрмыстық техниканың сегіз санатының жетеуінде экспорттың импортқа қатынасы артқан. Бұл Қазақстан арқылы өтетін реэкспорт көлемінің ұлғайғанын көрсетеді.2025 жылы көптеген санатта экспорт өсімі импорттан жоғары болды. Мысалы, шаңсорғыштар импорты 42,9%-ға қысқарса, экспорты 54,8%-ға өсті. Телефон аппараттарының импорты 38%-ға азайғанымен, экспорты екі еседен астам артты. Бұл да реэкспорт көлемінің ұлғайғанын аңғартады.Қытай жоғары технологиялық өнімдердің негізгі жеткізушісі болып қала берді. Көптеген санатта оның үлесі 50%-дан асты, ал компьютерлер бойынша 84,9%-ға жетті. Ресейдің үлесі 1,6%-дан 29,7%-ға дейін болды.Қазақстанның жоғары технологиялық өнімдер реэкспорты негізінен Ресей мен Орталық Азия елдеріне бағытталған. Тұрмыстық техника бойынша Орталық Азияның үлесі 34,8%-дан 78,3%-ға дейін болса, компьютерлер, телефон аппараттары және байланыс техникасы экспортының 82,6%-дан 91,4%-ға дейінгі бөлігі Ресейге жөнелтілді.Ресейге жеткізілген тауарлар ішінде ең жоғары өсім "деректерді қабылдау, түрлендіру және беру машиналары" санатында байқалды: экспорт көлемі 6,2 есе, ал құны 3,4 есе өсті. Телефон аппараттарының экспорты табиғи көлемде 2,3 есе, ақшалай мәнде 43,5%-ға артты.
https://sputnik.kz/20250530/qytayga-eksport-3-ayda-42-ke-artty--54118849.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_122:0:2851:2047_1920x0_80_0_0_e400788a31f90967198cb06b1ae32573.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
техника, қазақстан, еаэо
Қазақстан жоғары технологиялық өнімдердің реэкспортын ұлғайтып жатыр
Қытай жоғары технологиялық өнімдердің негізгі жеткізушісі болып қала берді
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстан күрделі техниканың реэкспортын ұлғайтып келеді. Бұған елдің қолайлы географиялық орналасуы, дамыған логистикалық инфрақұрылымы, ЕАЭО аясындағы кедендік реттеудің ерекшеліктері және Қазақстан арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерінің тиімділігі ықпал етіп отыр, деп жазды
Energyprom.kz.
Ұлттық статистика бюросының 2024–2025 жылдарға арналған деректеріне сүйенген есептеулерге сәйкес, жоғары технологиялық өнімдер мен тұрмыстық техниканың сегіз санатының жетеуінде экспорттың импортқа қатынасы артқан. Бұл Қазақстан арқылы өтетін реэкспорт көлемінің ұлғайғанын көрсетеді.
"Ең жоғары өсім телефон аппараттарында тіркелді: экспорттың импортқа қатынасы бір жылда 8,1%-дан 26,7%-ға дейін өсті. Радиохабар тарату және теледидар аппаратурасында бұл көрсеткіш 18,7%-дан 23,7%-ға, мониторлар мен проекторларда 19%-дан 22%-ға, компьютерлерде 14,7%-дан 15,1%-ға дейін ұлғайды", - деп жазды портал.
2025 жылы көптеген санатта экспорт өсімі импорттан жоғары болды. Мысалы, шаңсорғыштар импорты 42,9%-ға қысқарса, экспорты 54,8%-ға өсті. Телефон аппараттарының импорты 38%-ға азайғанымен, экспорты екі еседен астам артты. Бұл да реэкспорт көлемінің ұлғайғанын аңғартады.
Қытай жоғары технологиялық өнімдердің негізгі жеткізушісі болып қала берді. Көптеген санатта оның үлесі 50%-дан асты, ал компьютерлер бойынша 84,9%-ға жетті. Ресейдің үлесі 1,6%-дан 29,7%-ға дейін болды.
Қазақстанның жоғары технологиялық өнімдер реэкспорты негізінен Ресей мен Орталық Азия елдеріне бағытталған. Тұрмыстық техника бойынша Орталық Азияның үлесі 34,8%-дан 78,3%-ға дейін болса, компьютерлер, телефон аппараттары және байланыс техникасы экспортының 82,6%-дан 91,4%-ға дейінгі бөлігі Ресейге жөнелтілді.
Ресейге жеткізілген тауарлар ішінде ең жоғары өсім "деректерді қабылдау, түрлендіру және беру машиналары" санатында байқалды: экспорт көлемі 6,2 есе, ал құны 3,4 есе өсті. Телефон аппараттарының экспорты табиғи көлемде 2,3 есе, ақшалай мәнде 43,5%-ға артты.