https://sputnik.kz/20260803/grekiyada-24-zhastagy-qazaqstandyq-125-zhylga-bas-bostandygynan-ayyryldy-65436571.html
Грекияда 24 жастағы қазақстандық 125 жылға бас бостандығынан айырылды
Грекияда 24 жастағы қазақстандық 125 жылға бас бостандығынан айырылды
Sputnik Қазақстан
Оған мигранттарды заңсыз тасымалдады деген айып тағылған 03.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-03T18:39+0500
2026-08-03T18:39+0500
2026-08-03T18:39+0500
қазақстан
сот
сот шешімі
https://sputnik.kz/img/12/82/128220_0:432:4608:3024_1920x0_80_0_0_84e6bdc43a7cf427cb9001347394bd24.jpg
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Грекияда 24 жастағы қазақстандық 125 жылға бас бостандығынан айырылды.Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандық Трикала қаласында жазасын өтеп жатыр. Ол Грекия сотының шешімімен ауыр қылмыс санатына жататын мигранттарды заңсыз тасымалдау бабы бойынша сотталған. Сонымен қатар оған 1 млрд теңгеге жуық айыппұл салынған. Сотталушының анасының айтуынша, ұлы әлеуметтік желіде Түркиядағы жұмыс туралы хабарландыруға жауап берген. Онда туристерді моторлы қайықпен серуендету жұмысы ұсынылған. Алайда оның ұлы мигранттарды тасымалдады деген айыпқа іліккен. Сондай-ақ тергеу барысында аудармашы болмаған.Салдарынан ұлы жаза мерзімін ұлғайтамыз деген қоқан-лоқының әсерімен құжаттарға қол қоюға мәжбүр болған.СІМ хабарлауынша, қазақстандыққа қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20260407/qazaqstandyq-ayel-qyrgyzstandagy-balalarga-azgyndyq-zhasagany-ushin-sottaldy-62470465.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/12/82/128220_0:0:4608:3456_1920x0_80_0_0_94c960f057d8bbe86e7f741553f5d4a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, сот, сот шешімі
қазақстан, сот, сот шешімі
Грекияда 24 жастағы қазақстандық 125 жылға бас бостандығынан айырылды
Оған мигранттарды заңсыз тасымалдады деген айып тағылған
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Грекияда 24 жастағы қазақстандық 125 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандық Трикала қаласында жазасын өтеп жатыр. Ол Грекия сотының шешімімен ауыр қылмыс санатына жататын мигранттарды заңсыз тасымалдау бабы бойынша сотталған. Сонымен қатар оған 1 млрд теңгеге жуық айыппұл салынған.
Сотталушының анасының айтуынша, ұлы әлеуметтік желіде Түркиядағы жұмыс туралы хабарландыруға жауап берген. Онда туристерді моторлы қайықпен серуендету жұмысы ұсынылған. Алайда оның ұлы мигранттарды тасымалдады деген айыпқа іліккен. Сондай-ақ тергеу барысында аудармашы болмаған.
Салдарынан ұлы жаза мерзімін ұлғайтамыз деген қоқан-лоқының әсерімен құжаттарға қол қоюға мәжбүр болған.
СІМ хабарлауынша, қазақстандыққа қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.