"Бейнеу – Сексеуіл" бағдары Қытай мен Еуропаны жалғайтын "алтын көпір" - президент

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент "Қызылорда – Сексеуіл", "Ұлғайсын – Сексеуіл" және "Бейнеу – Сексеуіл" автокөлік жолдары құрылысының басталуына арналған телекөпірде сөз сөйледі
Президент Қызылорда – Сексеуіл, Ұлғайсын – Сексеуіл және Бейнеу – Сексеуіл автокөлік жолдары құрылысының басталуына арналған телекөпірде сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2026
Жазылу
"Бейнеу – Сексеуіл" бағыты республикалық, аймақтық, құрлықтық деңгейдегі маңызды жол болатындықтан, президент оны "Арал-Каспий магистралі" деп атуды ұсынды
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Қызылорда – Сексеуіл", "Ұлғайсын – Сексеуіл" және "Бейнеу – Сексеуіл" автокөлік жолдары құрылысының басталуына арналған телекөпірде сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы 800 шақырымдық түбегейлі жаңа жолдың құрылысы басталған "Бейнеу – Сексеуіл" бағдарды халықаралық ауқымдағы автожол деп атады.
"Осы жол ел аймақтары арасындағы байланысты нығайта отырып, Қытай мен Еуропаны жалғайтын "алтын көпір" ретінде қызмет етеді. Бұл жоба Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерін Ақтау, Құрық порттарымен тікелей байланыстырады. Соның нәтижесінде Қытайдан Еуропаға дейін жүк тасымалдау ұзақтығы 1 мың шақырымға, ал жүк жеткізу мерзімі 3 тәулікке дейін қысқарады", - деді президент.
Мемлекет басшысы халқымыздың таным-түсінігінде құдық қазу, көпір салу сауапты іс саналатынын еске салды. Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстан игілігі баршаға ортақ, яғни өзі де, өзгелер де пайдасын көретін аса жауапты жұмысты бастап отыр, деді Тоқаев.
"Бейнеу – Сексеуіл" бағыты республикалық, аймақтық, құрлықтық деңгейдегі маңызды жол болары анық. Сондықтан бұл жолды "Арал-Каспий магистралі" деп атаған дұрыс, – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар президент жалпы ұзақтығы 774 шақырымды құрайтын "Қызылорда – Сексеуіл", "Ұлғайсын – Сексеуіл" жолдарын кеңейту, түбегейлі жаңғырту жұмыстары басталғанын мәлімдеді.
"Бұл жолдардың құрылысымен отандық компаниялар айналысады. Құрылыс жұмыстарына 10 мыңнан астам жұмысшы тартылады. Жолдар толық салынып біткен соң жүк тасымалы 2,5 есе артып, жылына 13,2 миллион тоннаға жетеді. Бұл жобалар ел экономикасын өркендетуге, туризмді дамытуға тың серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізері сөзсіз", - деді президент.
Мемлеке басшысы бүгін бастау алып жатқан жұмысты уақтылы, яғни 2029 жылдан кешіктірмей аяқтау өте маңызды екенін ескертті.
семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Президент семсерлесуден Қазақстан құрамасын әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Жаңалықтар
0