Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинаға Patriot технологияларын беру мәселесін талқылап жатыр – конгрессмен

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуРакеты Patriot
Ракеты Patriot  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2026
Жазылу
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. АҚШ пен Украина арасында Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне арналған технологияларды беру мәселесі бойынша келіссөз жалғасып жатыр, мәлімдеді конгрессмен Майк Тернер.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Зеленский Вашингтоннан Tomahawk қанатты зымырандары мен Patriot кешеніне арналған зымырандарды сұрағанын айтқан болатын. Сонымен бірге Трамп мұндай жоғары дәлдіктегі әрі жойқын қару-жарақты басқа мемлекеттерге беру мәселесіне аса сақтықпен әрі жан-жақты қарау қажет екенін атап өтті.
Майк Тернердің айтуынша, Patriot сияқты қорғаныс жүйелерін беру мәселесі өте күрделі.
"Дегенмен Украинаға осы жүйенің технологияларына кеңірек қолжетімділік беру жөніндегі келіссөз жалғасып жатыр деп санаймын. Бұл Украинаға оларды өз аумағында өндіруге және қорғаныс технологияларын дамытуға мүмкіндік береді", – деді Тернер CBS News телеарнасына берген сұхбатында.
 F-16 жойғыш ұшақтары - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ Украинаға сататын қару-жарақ көлемін бес есеге қысқартты
Жаңалықтар
0