https://sputnik.kz/20260802/rubio-reseymen-kelissozder-turaly-kutpegen-pikirler-aytty-65405371.html
Рубио Ресеймен келіссөздер туралы күтпеген пікір айтты
Рубио Ресеймен келіссөздер туралы күтпеген пікір айтты
Sputnik Қазақстан
Дипломат Ресей мен Украина арасындағы өткір қарама-қайшылықтар келісімге қол жеткізуге кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеді 02.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-02T16:57+0500
2026-08-02T16:57+0500
2026-08-02T17:09+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/02/04/60931121_0:0:3094:1740_1920x0_80_0_0_d90287beaea438fa3b9e93620e9fba8d.jpg
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Мемлекеттік хатшы Марко Рубио АҚШ-тың Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздерді қайта бастауға ықпал ету ниетін жариялады, деп хабарлады РИА Новости.Ол АҚШ тараптарды келіссөздер үстеліне қайтару мүмкіндігін зерттеу үшін дипломатиялық күш-жігер жұмсайтынын айтты. Дегенмен дипломат Ресей мен Украина арасындағы өткір қарама-қайшылықтар келісімге қол жеткізуге кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеді.Өткен сенбіде президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков соғыс қимылдарын тоқтату шарттары екі жыл бұрын белгіленгенін және Киев режимі тиісті шешімдер қабылдаса, қақтығыс дереу аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді.2024 жылы сыртқы істер министрлігінде сөйлеген сөзінде Владимир Путин Украина қақтығысын тоқтату шарттарын, соның ішінде Киевтің Донецк және Луганск Халық Республикаларынан, сондай-ақ Херсон және Запорожье аймақтарынан әскерлерін шығару қажеттілігін және НАТО-ға қосылу жоспарларынан бас тарту қажеттілігін айтты.
https://sputnik.kz/20260729/kosherbaev-pen-rubio-kaspiy-qubyr-konsortsiumyna-qatysty-zhagdaydy-talqylady-65318685.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/04/60931121_245:0:2976:2048_1920x0_80_0_0_49bd66c263c3b08f748973e553cf9dd5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Рубио Ресеймен келіссөздер туралы күтпеген пікір айтты
16:57 02.08.2026 (жаңартылды: 17:09 02.08.2026) Дипломат Ресей мен Украина арасындағы өткір қарама-қайшылықтар келісімге қол жеткізуге кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеді
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Мемлекеттік хатшы Марко Рубио АҚШ-тың Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздерді қайта бастауға ықпал ету ниетін жариялады, деп хабарлады
РИА Новости.
Ол АҚШ тараптарды келіссөздер үстеліне қайтару мүмкіндігін зерттеу үшін дипломатиялық күш-жігер жұмсайтынын айтты. Дегенмен дипломат Ресей мен Украина арасындағы өткір қарама-қайшылықтар келісімге қол жеткізуге кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеді.
"Біз сондай-ақ екі жақтың да айқын "қызыл сызықтары" бар екенін түсінеміз және оларды аздап жақындатып алмайынша, қажетті нәтижеге қол жеткізе алмаймыз", - деді Рубио Fox News арнасына берген сұхбатында.
Өткен сенбіде президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков соғыс қимылдарын тоқтату шарттары екі жыл бұрын белгіленгенін және Киев режимі тиісті шешімдер қабылдаса, қақтығыс дереу аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді.
2024 жылы сыртқы істер министрлігінде сөйлеген сөзінде Владимир Путин Украина қақтығысын тоқтату шарттарын, соның ішінде Киевтің Донецк және Луганск Халық Республикаларынан, сондай-ақ Херсон және Запорожье аймақтарынан әскерлерін шығару қажеттілігін және НАТО-ға қосылу жоспарларынан бас тарту қажеттілігін айтты.