https://sputnik.kz/20260802/aptap-ystyq-ort-qaupi-zhogary-bolady-qazaqstan-boyynsha-dabyldy-eskertu-zhariyalandy-65401839.html
Аптап ыстық, өрт қаупі жоғары болады: Қазақстан бойынша дабылды ескерту жарияланды
Аптап ыстық, өрт қаупі жоғары болады: Қазақстан бойынша дабылды ескерту жарияланды
Sputnik Қазақстан
Мамандар тұрғындарға орман және дала алқаптарында от жақпауға, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға кеңес берді 02.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-02T09:00+0500
2026-08-02T09:00+0500
2026-08-02T09:00+0500
ауа райы болжамы
ауа райы
дабылды ескерту
https://sputnik.kz/img/07e9/09/04/56807066_0:265:2808:1845_1920x0_80_0_0_1838c9521f200ec19908c04e6ba8ab5d.jpg
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі 2 тамызда дабылды ескерту жарияланғанын мәлімдеді. Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, бұршақ жауады және қатты жел тұрып, шаңды дауыл соғады. Сонымен қатар көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Синоптиктердің болжамынша, Түркістан облысында күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтерілсе, Қызылорда облысында 40 градусқа дейін ыстық болады.Жетісу, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Павлодар, Маңғыстау және Атырау облыстарында да 35-40 градус аралығындағы аптап ыстық болады.Абай облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық 4 тамызға дейін жалғасып, ауа температурасы 41 градусқа дейін жетеді.Астана қаласында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жауып, дауыл соғады. Желдің екпіні кей өңірлерде секундына 20–25 метрге дейін күшеюі ықтимал.Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.Мамандар Қазақстанның басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті. Осыған байланысты тұрғындарға орман мен дала алқаптарында от жақпауға, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға кеңес берді.
https://sputnik.kz/20260801/tamyz-ayynda-aua-rayy-qanday-bolady-65391893.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/04/56807066_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_a29f265e530852305539f59a00ba4e17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы болжамы, ауа райы, дабылды ескерту
ауа райы болжамы, ауа райы, дабылды ескерту
Аптап ыстық, өрт қаупі жоғары болады: Қазақстан бойынша дабылды ескерту жарияланды
Мамандар тұрғындарға орман және дала алқаптарында от жақпауға, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға кеңес берді
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі 2 тамызда дабылды ескерту жарияланғанын мәлімдеді. Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, бұршақ жауады және қатты жел тұрып, шаңды дауыл соғады. Сонымен қатар көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Синоптиктердің болжамынша, Түркістан облысында күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтерілсе, Қызылорда облысында 40 градусқа дейін ыстық болады.
Жетісу, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Павлодар, Маңғыстау және Атырау облыстарында да 35-40 градус аралығындағы аптап ыстық болады.
Абай облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық 4 тамызға дейін жалғасып, ауа температурасы 41 градусқа дейін жетеді.
Астана қаласында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жауып, дауыл соғады. Желдің екпіні кей өңірлерде секундына 20–25 метрге дейін күшеюі ықтимал.
Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Мамандар Қазақстанның басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті. Осыған байланысты тұрғындарға орман мен дала алқаптарында от жақпауға, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға кеңес берді.