https://sputnik.kz/20260801/zhayyq-ozeni-arqyly-otetin-zhana-avtomobil-kopiri-salynady-65398104.html
Жайық өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірі салынады
Жайық өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірі салынады
Sputnik Қазақстан
Жаңа көпір техникалық тексеру қорытындысы бойынша апатты деп танылған қолданыстағы көпірдің жанына салынады 01.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-01T18:23+0500
2026-08-01T18:23+0500
2026-08-01T18:23+0500
батыс қазақстан облысы
көпір
https://sputnik.kz/img/07ea/08/01/65397940_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_da08c7e3157c7c4a7b35f733cdab2f02.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында көлік министрлігінің басшылығы Жайық өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірінің құрылыс жобасын әзірлеу барысымен танысты.Жоба халықаралық маңызы бар автомобиль жолында қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.Жаңа көпір техникалық тексеру қорытындысы бойынша апатты деп танылған қолданыстағы көпірдің жанына салынады.Жоба аясында ұзындығы 8 шақырым болатын автомобиль жолын, сондай-ақ заманауи монолитті екі көпірді салу көзделген. Оның ішінде арналық көпірдің ұзындығы – 513 метр, өзен жайылмасындағы көпірдің ұзындығы – 1710 метр.Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген.Заманауи инженерлік шешімдер мен технологияларды қолдану көлік инфрақұрылымының сенімділігін едәуір арттыруға, жол учаскесінің өткізу қабілетін ұлғайтуға және нысанның ұзақ мерзімді әрі қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жобамен танысу қорытындысы бойынша көлік министрлігінің басшылығы мемлекеттік сараптамадан өту рәсімдерін жеделдетуді, құрылыс жұмыстарын қаржыландыру көздерін қысқа мерзімде айқындауды, сондай-ақ жобаны іске асырудың барлық кезеңінде құрылыс сапасына қатаң бақылау жүргізуді тапсырды.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/01/65397940_168:0:1068:675_1920x0_80_0_0_742febf551ee94df38412d38e53c5847.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, көпір
батыс қазақстан облысы, көпір
Жайық өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірі салынады
Жаңа көпір техникалық тексеру қорытындысы бойынша апатты деп танылған қолданыстағы көпірдің жанына салынады
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында көлік министрлігінің басшылығы Жайық өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірінің құрылыс жобасын әзірлеу барысымен танысты.
Жоба халықаралық маңызы бар автомобиль жолында қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа көпір техникалық тексеру қорытындысы бойынша апатты деп танылған қолданыстағы көпірдің жанына салынады.
Жоба аясында ұзындығы 8 шақырым болатын автомобиль жолын, сондай-ақ заманауи монолитті екі көпірді салу көзделген. Оның ішінде арналық көпірдің ұзындығы – 513 метр, өзен жайылмасындағы көпірдің ұзындығы – 1710 метр.
Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген.
Заманауи инженерлік шешімдер мен технологияларды қолдану көлік инфрақұрылымының сенімділігін едәуір арттыруға, жол учаскесінің өткізу қабілетін ұлғайтуға және нысанның ұзақ мерзімді әрі қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жобамен танысу қорытындысы бойынша көлік министрлігінің басшылығы мемлекеттік сараптамадан өту рәсімдерін жеделдетуді, құрылыс жұмыстарын қаржыландыру көздерін қысқа мерзімде айқындауды, сондай-ақ жобаны іске асырудың барлық кезеңінде құрылыс сапасына қатаң бақылау жүргізуді тапсырды.