Тоқаев Қырғызстандағы су-моторлы спорттан әлем чемпионаты кезеңінің ашылуына қатысты
13:57 01.08.2026 (жаңартылды: 14:00 01.08.2026)
Жазылу
Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанаты өтті
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Президенты стран Центральной Азии приняли участие в церемонии открытия этапа чемпионата мира по водно-моторному спорту UIM F1H2O
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің басшылары чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.

Президенты стран Центральной Азии приняли участие в церемонии открытия этапа чемпионата мира по водно-моторному спорту UIM F1H2O
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттеріне судағы жарыстарға арналған болид таныстырылды.

Президенты стран Центральной Азии приняли участие в церемонии открытия этапа чемпионата мира по водно-моторному спорту UIM F1H2O
Бұдан соң Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшылары бір мезгілде символикалық тетікті басып, су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының "Қырғызстан Республикасы – Ыстықкөл 2026 гран-при" кезеңін ресми түрде ашты.

Президенты стран Центральной Азии приняли участие в церемонии открытия этапа чемпионата мира по водно-моторному спорту UIM F1H2O
Жарыстарға БАӘ, Аустралия, Канада және басқа елдердің намысын қорғайтын 8 команда мен 18 спортшы қатысып жатыр.

Президенты стран Центральной Азии приняли участие в церемонии открытия этапа чемпионата мира по водно-моторному спорту UIM F1H2O
Қырғызстанда алғаш рет өткізіліп жатқан сайыс республика тарихындағы ең ірі халықаралық спорттық-мәдени іс-шара саналады.

