https://sputnik.kz/20260801/qostanay-oblysynyn-qurylganyna--90-zhyl-toqaev-onir-khalqyn-quttyqtady-65384362.html
Қостанай облысының құрылғанына – 90 жыл: Тоқаев өңір халқын құттықтады
Қостанай облысының құрылғанына – 90 жыл: Тоқаев өңір халқын құттықтады
Sputnik Қазақстан
Тоқаев бұл өңірдің астықты аймаққа айналғанын атап өтті 01.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-01T12:02+0500
2026-08-01T12:02+0500
2026-08-01T12:19+0500
қасым-жомарт тоқаев
қостанай облысы
құттықтау
https://sputnik.kz/img/07ea/08/01/65384860_0:47:1195:720_1920x0_80_0_0_43bd2739c2fcc9258ae14350d9a9528d.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысы сондай-ақ қазіргі таңда аймақ экономикасы қарқынды дамып жатқанын атап өтіп, облысты көркейту үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтарға шынайы ризашылығын білдірді.
https://sputnik.kz/20251230/qostanay-oblysynda-zhylyna-50-myn-tonna-et-ondiretin-qus-fabrikasy-salynady-60004945.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/01/65384860_198:0:1158:720_1920x0_80_0_0_9cc16389bcaca31c2407b95ea20e2a1e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қостанай облысы, құттықтау
қасым-жомарт тоқаев, қостанай облысы, құттықтау
Қостанай облысының құрылғанына – 90 жыл: Тоқаев өңір халқын құттықтады
12:02 01.08.2026 (жаңартылды: 12:19 01.08.2026) Тоқаев бұл өңірдің астықты аймаққа айналғанын атап өтті
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Қостанай – ырысы мол, ынтымағы жарасқан қастерлі өлке. Осы уақыт аралығында өңір өсіп-өркендеп, астықты аймаққа айналды. Береке мен бірліктің, келісім мен татулықтың алтын бесігі ретінде танылды. Облыстың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл топырақтан Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин және басқа да тұғырлы тұлғалар шықты. Олар халыққа қалтқысыз қызмет етіп, ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты", - делінген президент құттықтауында.
Мемлекет басшысы сондай-ақ қазіргі таңда аймақ экономикасы қарқынды дамып жатқанын атап өтіп, облысты көркейту үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтарға шынайы ризашылығын білдірді.