Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мемлекеттік дума депутаты Зеленскийдің Қырым туралы мәлімдемесін сынға алды

© AP Photo / Efrem LukatskyВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2026
Жазылу
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Қырым өңірінен сайланған Мемлекеттік дума депутаты Михаил Шеремет Владимир Зеленскийдің Қырымды Украина бақылауына қайтару бойынша әзірге нақты жоспары жоқ екені туралы мәлімдемесін "дәрменсіз ашу" деп бағалады.
Зеленский Fox News телеарнасына берген сұхбатында Киевтің әзірге, өкінішке қарай, Қырымды қайтаруға қатысты нақты жоспары жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, ең бастысы – адамдардан, яғни украиналық әскери қызметшілерден айырылып қалмау. Сонымен қатар ол түбекті Украина аумағы деп атады.
"Киев режимінің,украиналық жемқорлар мен лаңкестердің дәрменсіз ашумен сілекейін шашып, тістерін қайрап, ондаған жылдар бойы қырымдықтарды жеңіп, жоюды армандап жүрген мәлімдемелері бізді мүлдем қызықтырмайды", – деді Шеремет РИА Новости агенттігіне.
Оның айтуынша, мұндай мәлімдемелер қырымдықтардың 2014 жылғы референдумда дұрыс таңдау жасағанын және тарихи Отаны – Ресейге оралғанын тағы бір мәрте дәлелдейді.
Қырым 2014 жылы наурызда Украинадағы билік ауысуынан кейін өткен референдумның қорытындысы бойынша Ресей құрамындағы өңірге айналды. Референдумда Қырымдағы сайлаушылардың 96,77%-ы, ал Севастополь тұрғындарының 95,6%-ы Ресей құрамына кіруді қолдаған.
Украина Қырымды әлі де уақытша оккупацияланған аумағы деп санайды, ал Батыстың көптеген елдері бұл мәселеде Киевті қолдайды. Өз кезегінде Ресей басшылығы Қырым тұрғындары Ресеймен қайта қосылуды демократиялық жолмен, халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысына толық сәйкес қолдағанын бірнеше рет мәлімдеді.
Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Қырым мәселесі "түпкілікті жабылды".
 Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Батыс елдерін Украинаға әуе қорғанысы құралдарын жедел жеткізуге шақырды
Жаңалықтар
0