Алматыда есірткі таратты деген күдікпен жасөспірім қыз ұсталды

© Photo : Комитет государственных доходов КазахстанаСинтетические наркотики, архивное фото
Синтетические наркотики, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2026
Жазылу
Күдікті өз түсініктемесінде есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратқанын мойындаған
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Алматы қаласында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмаған қыздың есірткі таратуға қатысы бар деген күдікпен оның заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Медеу ауданында полицейлер такси көлігін тоқтатты. Көлік ішінде үш кәмелетке толмаған қыз болған. Жедел мәліметтерге сәйкес, олардың бірі есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратумен айналысқан.
Қалған екі қыздың бұл әрекеттен хабардар болған-болмағаны және олардың ықтимал қатысы тергеу барысында анықталады.
"Жеке тінту кезінде күдіктіден түрлі түсті оқшаулағыш таспамен оралған көптеген түйіншек тәркіленді. Олардың ішінен өсімдік тектес заттар және алдын ала мәлімет бойынша кристалл түріндегі синтетикалық есірткі анықталды. Күдікті өз түсініктемесінде есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратқанын мойындаған", - дейді полиция қызметкерлері.
Қазіргі уақытта полицейлер жасөспірімді қылмыстық әрекетке кімнің тартқанын, есірткінің жеткізу арнасын және заңсыз схеманы ұйымдастырушыларды анықтап жатыр.
Сонымен қатар кәмелетке толмаған қыздың мұндай жолға түсуіне не себеп болғаны, ата-анасының бақылауы мен тәрбиесіне қатысты жағдайлар жан-жақты зерделенуде.
Полиция ата-аналарды балаларының бос уақытын, интернеттегі байланысын және араласатын ортасын назардан тыс қалдырмауға шақырады.
Талдықорғанда ерлі-зайыпты есірткі таратумен айналысты деген күдікке ілінді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Талдықорғанда ерлі-зайыпты есірткі таратумен айналысты деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0