https://sputnik.kz/20260731/ukimet-2035-zhylga-deyingi-gidroenergetika-salasyn-damytu-zhosparyn-bekitti-65354967.html
Үкімет 2035 жылға дейінгі гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті
Үкімет 2035 жылға дейінгі гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті
Sputnik Қазақстан
2030 жылдың соңына дейін гидроэнергетиканың жаңа қуатын кемінде 500 МВт-қа арттыру жоспарланып отыр 31.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-31T09:31+0500
2026-07-31T09:31+0500
2026-07-31T10:02+0500
үкімет
жоспар
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1f/65353922_100:254:2494:1600_1920x0_80_0_0_9afc6db17c0c49135e85f38413691919.jpg
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Үкімет Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған жоспар алты негізгі бағыт бойынша 30 іс-шараны қамтиды.Зерттеулер қолайлы алаңдарды таңдауға, болашақ нысандардың параметрлерін айқындауға және сумен қамтамасыз ету мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты тәуекелдерді алдын ала ескеруге көмектеседі. Барлық ақпарат мемлекеттік органдар мен болашақ инвесторлар үшін бірыңғай дереккөзі болатын цифрлық платформада біріктіріледі.Жаңа нысандарды іске қосу өңірлерді энергиямен жабдықтау сенімділігін және Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын арттырады. Алаңдарды таңдау кезінде су теңгерімі мен табиғатты қорғау талаптары ескеріледі, бұл қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20260728/khalyq-tariftin-ne-sebepti-oskenin-kore-alady-premer-zhana-zhuyeni-zhedel-engizudi-tapsyrdy-65268356.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1f/65353922_353:142:2297:1600_1920x0_80_0_0_59a3b48e7faef448c605c3fe6d9e7fe4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, жоспар, электр энергиясы
үкімет, жоспар, электр энергиясы
Үкімет 2035 жылға дейінгі гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті
09:31 31.07.2026 (жаңартылды: 10:02 31.07.2026) 2030 жылдың соңына дейін гидроэнергетиканың жаңа қуатын кемінде 500 МВт-қа арттыру жоспарланып отыр
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Үкімет Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған жоспар алты негізгі бағыт бойынша 30 іс-шараны қамтиды.
"Олардың қатарында өзендердің су теңгерімі мен энергетикалық әлеуетін бағалау, жоспарланған нысандар бойынша бірыңғай деректер базасын қалыптастыру, жер учаскелерін дайындау, ГЭС пен гидроаккумуляциялау стансаларының пулын құру, сондай-ақ кадрлық және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бар", - деп жазылған үкіметтің хабарламасында.
Зерттеулер қолайлы алаңдарды таңдауға, болашақ нысандардың параметрлерін айқындауға және сумен қамтамасыз ету мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты тәуекелдерді алдын ала ескеруге көмектеседі. Барлық ақпарат мемлекеттік органдар мен болашақ инвесторлар үшін бірыңғай дереккөзі болатын цифрлық платформада біріктіріледі.
"Өндіруші қуаттарды кеңейту шеңберінде 2030 жылдың соңына дейін гидроэнергетиканың жаңа қуатын кемінде 500 МВт-қа арттыру көзделген. Сондай-ақ гидроаккумуляциялық электр стансасын салу мәселелеріне назар аударылды", - деп атап өтті үкімет.
Жаңа нысандарды іске қосу өңірлерді энергиямен жабдықтау сенімділігін және Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын арттырады. Алаңдарды таңдау кезінде су теңгерімі мен табиғатты қорғау талаптары ескеріледі, бұл қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.