https://sputnik.kz/20260731/petropavlda-mekteptegi-zhondeu-zhumystary-kezinde-eki-ayel-biikten-qulap-ketti-65357015.html
Петропавлда мектептегі жөндеу жұмыстары кезінде екі әйел биіктен құлап кетті
Петропавлда мектептегі жөндеу жұмыстары кезінде екі әйел биіктен құлап кетті
Sputnik Қазақстан
Дәрігерлер екеуіне де ота жасады 31.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-31T13:02+0500
2026-07-31T13:02+0500
2026-07-31T13:02+0500
петропавл
мектеп
жазатайым оқиға
https://sputnik.kz/img/217/91/2179126_0:320:3073:2048_1920x0_80_0_0_970660779100687f81f4cb8349ecf100.jpg
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Петропавл қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан екі жұмысшы әйел биіктен құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жазатайым оқиға 29 шілдеде спорт залдың төбесін әрлеу жұмыстары жұмыстары кезінде болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеді.Науқас травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.Сондай-ақ 54 жастағы әйелге де операция жасалған.Қазіргі уақытта мектепте тексеру жүргізіліп жатыр.Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіледі, деп мәлімдеді білім бөлімі.
https://sputnik.kz/20260612/terezelerin-tsellofanmen-zhaptyq-almaty-oblysynda-mektep-gimaraty-apatty-zhagdayda-tur-64084544.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/217/91/2179126_113:0:2844:2048_1920x0_80_0_0_2b7f04d0311b4c38fe59fdf49c84ae4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, мектеп, жазатайым оқиға
петропавл, мектеп, жазатайым оқиға
Петропавлда мектептегі жөндеу жұмыстары кезінде екі әйел биіктен құлап кетті
Дәрігерлер екеуіне де ота жасады
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Петропавл қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан екі жұмысшы әйел биіктен құлап кетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жазатайым оқиға 29 шілдеде спорт залдың төбесін әрлеу жұмыстары жұмыстары кезінде болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеді.
"Қалалық көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасының жарақат пунктіне 4-5 метр биіктіктен құлаған 57 жастағы әйел жеткізілді. Науқас шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Компьютерлік томография нәтижесінде кеуде және бел омыртқаларының компрессиялық сынықтары анықталды", – деді Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Науқас травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Сондай-ақ 54 жастағы әйелге де операция жасалған.
"Науқас шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, ашық сынықты емдеу үшін операция жасалды. Диагнозы: бас-ми жарақаты, аяқтың төменгі бөлігінің бірнеше жерден сынуы. Операциядан кейінгі жағдайы тұрақты. Науқас травматология бөлімінде емін жалғастырады", – дейді дәрігерлер.
Қазіргі уақытта мектепте тексеру жүргізіліп жатыр.
"Мектеп әкімшілігі жедел медициналық жәрдем бригадасын дереу шақырды. Екі техникалық жұмысшы медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді", – деп хабарлады Петропавл қаласының білім бөлімі.
Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіледі, деп мәлімдеді білім бөлімі.