https://sputnik.kz/20260731/angimege-tartyp-uaqytyn-alady-astanada-alayaqtarga-qarsy-call-ortalyq-zhumysyn-bastady-65363325.html
"Әңгімеге тартып, уақытын алады": Астанада алаяқтарға қарсы Call-орталық жұмысын бастады
"Әңгімеге тартып, уақытын алады": Астанада алаяқтарға қарсы Call-орталық жұмысын бастады
Sputnik Қазақстан
Орталық мамандары Қазақстан аумағынан да, шетелден де келіп түсетін күмәнді қоңырауларды анықтап, бұғаттайды 31.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-31T14:23+0500
2026-07-31T14:23+0500
2026-07-31T14:23+0500
алаяқ
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/1287/63/12876328_0:47:1280:767_1920x0_80_0_0_5b4ee9ed067d747bef8caf041ee61a44.jpg.webp
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Астанада халықты телефон арқылы алдайтын алаяқтарға қарсы Call-орталық өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Anti Call-орталықты қалалық прокуратура "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп ашып отыр.Орталықта қоңыраулардың трафигі тұрақты түрде талданады. Егер бір жерден ұзақ уақыт бойы немесе тым көп қоңырау шалынса, алаяқтық әрекеттің белгісі ретінде сараланады.Осы орталықтың көмегімен банк алдында тұрған бір азаматтың атына ірі көлемде кредит рәсімдеуге жол берілмеді.
https://sputnik.kz/20260524/qaragandyda-alayaq-bir-birine-zhaqyn-turatyn-zeynetkerlerdi-aldap-ketken-63671905.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1287/63/12876328_98:0:1183:814_1920x0_80_0_0_9d8c91d0253be7d9e90c684a72542648.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, алаяқтық
"Әңгімеге тартып, уақытын алады": Астанада алаяқтарға қарсы Call-орталық жұмысын бастады
Орталық мамандары Қазақстан аумағынан да, шетелден де келіп түсетін күмәнді қоңырауларды анықтап, бұғаттайды
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Астанада халықты телефон арқылы алдайтын алаяқтарға қарсы Call-орталық өз жұмысын бастады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің ресми
сайтына сілтеме жасап.
Anti Call-орталықты қалалық прокуратура "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп ашып отыр.
"Орталық мамандары Қазақстан аумағынан да, шетелден де келіп түсетін күмәнді қоңырауларды анықтап, бұғаттайды. Anti Call-орталығының операторлары кибералаяқтарды әңгімеге тартып, олардың уақытын алады және әлеуетті құрбандарына хабарласуына кедергі келтіреді", - дейді прокурор Нұрислам Балтабеков.
Орталықта қоңыраулардың трафигі тұрақты түрде талданады. Егер бір жерден ұзақ уақыт бойы немесе тым көп қоңырау шалынса, алаяқтық әрекеттің белгісі ретінде сараланады.
"Мұндай жағдайда оператор алаяқпен сөйлесуді бастайды. Ол неғұрлым көп уақыт жоғалтса, азаматтар соғұрлым қауіпсіз болады. Ұзақ сөйлесу шығыны алаяқтың өзіне түседі, ал бұл уақытта киберполиция қоңырау түсіп жатқан азаматтарға олардың деректері қылмыскерлердің қолына түскені туралы ескертуге тырысады", - деп атап өтті мамандар.
Осы орталықтың көмегімен банк алдында тұрған бір азаматтың атына ірі көлемде кредит рәсімдеуге жол берілмеді.