Алматыда заманауи онкологиялық орталық салу жоспарланып отыр

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаАлматыдағы онкологиялық орталық
Алматыдағы онкологиялық орталық - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2026
Жазылу
Орталық заманауи клиникалық-диагностикалық, молекулалық-генетикалық және патоморфологиялық зертханалармен жабдықталады
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Алматыда жаңа, көпбейінді онкологиялық орталық салу жоспарланып отыр, деп хабарлады қала әкімдігі.
"Жоба мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды. Бұл бізге оны іске асырудың келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Орталықта 250 төсектік, тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлық мекеме, химиотерапияға арналған 80 төсектік күндізгі стационар және консультативтік-диагностикалық амбулаториялық клиника болады.
Орталықта жоғары дәлдіктегі зерттеулер жүргізілетін заманауи клиникалық-диагностикалық, молекулалық-генетикалық және патоморфологиялық зертханалар болады.
Жоба сонымен қатар цифрлық медициналық мұрағат, жағдаят орталығы және қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмектерді дайындауға арналған автоматтандырылған жүйесі бар госпитальдік фармация бөлімін құруды қамтиды.
Алматыдағы Сайран көлі қашан пайдалануға беріледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2026
Алматы облысында экосаябақтарға 11 млрд теңгеден астам инвестиция салу жоспарланып отыр
Жаңалықтар
0