https://sputnik.kz/20260731/abay-oblysynda-birde-bir-balalar-sauyqtyru-ortalygy-tiisti-litsenziya-almagan-65377513.html
Абай облысында бірде-бір балалар сауықтыру орталығы тиісті лицензия алмаған
Абай облысында бірде-бір балалар сауықтыру орталығы тиісті лицензия алмаған
Sputnik Қазақстан
Елімізде жұмыс істеп тұрған 174 балалар сауықтыру орталығының 104-і лицензия алған 31.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-31T21:42+0500
2026-07-31T21:42+0500
2026-07-31T21:42+0500
үкімет
лицензия
жаз
https://sputnik.kz/img/1034/82/10348277_0:63:1198:737_1920x0_80_0_0_5812eb3a13fdc765fc0bd89b558a7144.jpg
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте балалардың жазғы кезеңдегі қауіпсіздігі мен инклюзивті білім беруді дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады үкімет.Сонымен қатар елімізде жұмыс істеп тұрған 174 балалар сауықтыру орталығының 104-і лицензия алған. Лицензиялау жұмысын жеті облыс, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалалары ғана толық аяқтады. Ал Алматы облысында небәрі төрт, Түркістан облысында үш орталық лицензия алған. Абай облысында осы уақытқа дейін бірде-бір орталық білім беру және сауықтыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алмаған.Балалар сауықтыру орталықтарының қызметін тексеру қорытындыларын баяндаған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қазіргі уақытта 87 балалар сауықтыру орталығында тексеру жүргізілгенін, оның 26-сы аяқталғанын айтты.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары да талқыланды. Аида Балаева қауіпсіздік талаптарының мүлтіксіз сақталуын қатаң бақылауды тапсырды.
https://sputnik.kz/20260701/aqmola-oblysyndagy-sauyqtyru-lagerinde-balalar-ulanyp-qaldy-64588485.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1034/82/10348277_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_c2f5b3751212583fb6776ee4f0899e80.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, лицензия, жаз
Абай облысында бірде-бір балалар сауықтыру орталығы тиісті лицензия алмаған
Елімізде жұмыс істеп тұрған 174 балалар сауықтыру орталығының 104-і лицензия алған
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте балалардың жазғы кезеңдегі қауіпсіздігі мен инклюзивті білім беруді дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады үкімет.
"Бүгінде сауықтыру іс-шараларымен 3 млн 363 мың бала қамтылған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға айрықша көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта осы санаттағы 72,8 мың бала жазғы демалыс және сауықтыру іс-шараларымен қамтылды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар елімізде жұмыс істеп тұрған 174 балалар сауықтыру орталығының 104-і лицензия алған. Лицензиялау жұмысын жеті облыс, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалалары ғана толық аяқтады. Ал Алматы облысында небәрі төрт, Түркістан облысында үш орталық лицензия алған. Абай облысында осы уақытқа дейін бірде-бір орталық білім беру және сауықтыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алмаған.
Балалар сауықтыру орталықтарының қызметін тексеру қорытындыларын баяндаған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қазіргі уақытта 87 балалар сауықтыру орталығында тексеру жүргізілгенін, оның 26-сы аяқталғанын айтты.
"Тексеру қорытындысы бойынша 20 орталықтан заң бұзушылықтар анықталды. Күннің ыстығына байланысты тамақтану сапасы мен тағам қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Қостанай облысындағы "Светофор" балалар сауықтыру орталығына қатысты жағдай жеке қаралды. Санитарлық талаптардың бұзылуына байланысты орталықтың қызметі тоқтатылды", - деді Әлназарова.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары да талқыланды. Аида Балаева қауіпсіздік талаптарының мүлтіксіз сақталуын қатаң бақылауды тапсырды.