550 шетелдікке Қазақстанда білім алуға арналған грант берілді

© Sputnik / Медиабанкке өтуСтуденттер
Студенттер - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2026
Жазылу
Грант иегерлері Қазақстанның 27 жоғары оқу орнында білім алады
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығы жоқ шетелдіктерге берілген гранттардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл стипендиялық бағдарлама аясында 550 грант, соның басым бөлігі бакалавиратқа бөлініп отыр.
бакалавриат– 490 грант;
магистратура– 50 грант;
докторантура – 10 грант.
Конкурстық іріктеуге әлемнің 71 елінен 16 098 үміткер қатысты. Ең көп өтінім Палестина, Индонезия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы және Ауғанстаннан келген үміткерлерден түсті. Алғаш рет стипендия иегерлері қатарында АҚШ, Италия, Германия, Мальдив Республикасы және Корея Республикасы азаматтары бар.
"Қатысушылардың едәуір бөлігін Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері – қандастар құрады. Аталған санаттағы азаматтарға арналған бағдарламаны іске асыру Қазақстанда сапалы білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге және тарихи отанымен байланысты нығайтуға ықпал етеді", - дейді министрлік мамандары.
Грант иегерлері Қазақстанның 27 жоғары оқу орнында білім алады. Соның ішінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Astana IT University, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті бар.
Айта кетері, 2019 жылы басталған бағдарлама халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ дарынды шетелдік жастарды Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына тартуға арналған.
Студенты в аудитории, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Астана әкімдігі 300-ден астам грант бөлді – университеттер тізімі
Жаңалықтар
0