https://sputnik.kz/20260730/pavlodardagy-psikhikalyq-densaulyq-ortalygy-zhelidegi-aqparatqa-qatysty-malimdeme-zhasady-65345127.html
Павлодардағы психикалық денсаулық орталығы желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Павлодардағы психикалық денсаулық орталығы желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
10 камераның жазбалары толығымен зерделенді 30.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-30T17:03+0500
2026-07-30T17:03+0500
2026-07-30T17:17+0500
павлодар
шағым
тексеріс
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін әлеуметтік желіде Азамат есімді санитардың пациенттерді ұратыны жайында ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты қызметтік тексеріс жүргізілді.Орталық директоры орынбасарының міндетін атқарушы Александра Бухаринаның айтуынша, Азамат есімді санитар №2 ерлер бөлімшесінде жұмыс істемейді. Бөлімшеде 45 пациент бар.Ерлер бөлімшесінде тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылау жүйесі де бар. 10 камераның жазбалары толығымен зерделенді. Желіде айтылған ақпарат расталған жоқ.Орталық мекеме қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін және заңды мүдделерін қорғау үшін тексеріс материалдарын полиция жіберуді жоспарлап отыр. Соның негізінде жалған ақпарат таратқан тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
https://sputnik.kz/20260416/ekibastuzda-mas-er-adamdar-dariger-men-medbikeni-soqqyga-zhyqty-62701262.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, шағым, тексеріс
павлодар, шағым, тексеріс
Павлодардағы психикалық денсаулық орталығы желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
17:03 30.07.2026 (жаңартылды: 17:17 30.07.2026) 10 камераның жазбалары толығымен зерделенді
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Азамат есімді санитардың пациенттерді ұратыны жайында ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты қызметтік тексеріс жүргізілді.
Орталық директоры орынбасарының міндетін атқарушы Александра Бухаринаның айтуынша, Азамат есімді санитар №2 ерлер бөлімшесінде жұмыс істемейді. Бөлімшеде 45 пациент бар.
"Пациенттер тарапынан қызметкерлердің жұмысына және емделу жағдайларына қатысты ешқандай шағымдар мен наразылықтар түскен жоқ", - дейді Бухарина.
Ерлер бөлімшесінде тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылау жүйесі де бар. 10 камераның жазбалары толығымен зерделенді. Желіде айтылған ақпарат расталған жоқ.
Орталық мекеме қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін және заңды мүдделерін қорғау үшін тексеріс материалдарын полиция жіберуді жоспарлап отыр. Соның негізінде жалған ақпарат таратқан тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.