https://sputnik.kz/20260730/balqashta-1-200-turaqty-zhumys-orny-ashylady-65321415.html
Балқашта 1 200 тұрақты жұмыс орны ашылады
Балқашта 1 200 тұрақты жұмыс орны ашылады
Sputnik Қазақстан
Қарағанды облысының Балқаш қаласында жаңа өндіріс жүзеге асырылады 30.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-30T08:23+0500
2026-07-30T08:23+0500
2026-07-30T08:23+0500
балқаш
өндіріс
https://sputnik.kz/img/old/876/49/8764908_0:1062:1824:2088_1920x0_80_0_0_fcd2c0344a5edb255152e8c38cda134f.jpg
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Балқаш қаласында жаңа мыс қорыту зауыты салынып, 1 200 тұрақты жұмыс орны ашылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Үкімет Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен "Qazaq Smelter" ЖШС арасындағы мыс қорыту зауытын салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.Зауыттың өндірістік қуаты жылына 300 мың тонна катодты мыс, 10 тонна алтын, 300 тонна күміс және 1,5 млн тоннадан астам күкірт қышқылын өндіруге қауқарлы.Жоба 1,2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашуды көздейді. Кәсіпорын іске қосылған кезде қызметкерлердің 90%-ы басшылық лауазымдарды қоса алғанда, қазақстандық мамандарды құрайтын болады, алдағы бес жыл ішінде олардың үлесі 95%-ға дейін артады. Сондай-ақ инвестор Қарағанды облысының оқу орындарында 50 студентті даярлау бойынша міндеттемелер алады.Осы жылдың алты айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9,8%-ға ұлғайды. Өсім машина жасау, тамақ және химия өнеркәсібі, мұнай өңдеу, құрылыс материалдарын шығаруда және басқа да салаларда байқалады. Осы кезеңде елімізде 232 мың тонна катодты мыс өндірілді.Катодты мыс – қосылған құны жоғары өнім шығарудың негізгі шикізаты. Ол электр кабельдері мен жабдықтарын, құбырларды, құрылыс материалдарын, автомобиль бөлшектерін, сондай-ақ қола, жез және басқа да мыс қорытпаларын өндіруде қолданылады.
балқаш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/876/49/8764908_0:891:1824:2259_1920x0_80_0_0_7982bc4f45ad1401327402bf4cbaa479.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балқаш, өндіріс
Балқашта 1 200 тұрақты жұмыс орны ашылады
Қарағанды облысының Балқаш қаласында жаңа өндіріс жүзеге асырылады
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Балқаш қаласында жаңа мыс қорыту зауыты салынып, 1 200 тұрақты жұмыс орны ашылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкімет Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен "Qazaq Smelter" ЖШС арасындағы мыс қорыту зауытын салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
"Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 750 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорнының құрылысы 2027 жылы басталады, 2030 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Зауыттың өндірістік қуаты жылына 300 мың тонна катодты мыс, 10 тонна алтын, 300 тонна күміс және 1,5 млн тоннадан астам күкірт қышқылын өндіруге қауқарлы.
Жоба 1,2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашуды көздейді. Кәсіпорын іске қосылған кезде қызметкерлердің 90%-ы басшылық лауазымдарды қоса алғанда, қазақстандық мамандарды құрайтын болады, алдағы бес жыл ішінде олардың үлесі 95%-ға дейін артады. Сондай-ақ инвестор Қарағанды облысының оқу орындарында 50 студентті даярлау бойынша міндеттемелер алады.
"Жаңа қуаттарды іске қосу ел ішінде мыс шикізатын қайта өңдеу көлемін бір жарым есеге арттырып, жылына 800 мың тоннадан астам көлемге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қосылған құны жоғары өнімнің экспорты жылына 460 мың тоннадан 760 мың тоннаға дейін өседі. Сонымен қатар өндіріс заманауи технологиялармен және цифрлық шешімдермен жабдықталатын болады", - дейді мамандар.
Осы жылдың алты айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9,8%-ға ұлғайды. Өсім машина жасау, тамақ және химия өнеркәсібі, мұнай өңдеу, құрылыс материалдарын шығаруда және басқа да салаларда байқалады. Осы кезеңде елімізде 232 мың тонна катодты мыс өндірілді.
Катодты мыс – қосылған құны жоғары өнім шығарудың негізгі шикізаты. Ол электр кабельдері мен жабдықтарын, құбырларды, құрылыс материалдарын, автомобиль бөлшектерін, сондай-ақ қола, жез және басқа да мыс қорытпаларын өндіруде қолданылады.