"Ауа температурасы жоғарылайды": алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы субұрқақ
Алматыдағы субұрқақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Жазылу
Құрғақ ауа массаларының әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы олжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, елде әлі де қатты ыстық ауа райы сақталады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен республика бойынша найзағаймен өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады.

"Бірақ Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында Иран аудандарынан келетін құрғақ ауа массаларының әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады", - дейді синоптиктер.

Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерін қоспағанда, елдің басым бөлігінде ауа температурасы одан әрі біртіндеп көтеріледі. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстікте қатты ыстықтан кейін 01 тамызда ауа температурасы күндіз 25-35 градус жылыға дейін төмендесе, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста термометрлердің бағаналары 33-41 градус, оңтүстікте 35-44 градусқа жетеді.
Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2026
"Тағы да қатты ыстық": үш күнге арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтар
0