https://sputnik.kz/20260730/aqtobede-internet-alayaqtarga-komektesken-dropperler-zhelisi-ashkerelendi-65330449.html
Ақтөбеде интернет-алаяқтарға көмектескен дропперлер желісі әшкереленді
Ақтөбеде интернет-алаяқтарға көмектескен дропперлер желісі әшкереленді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның 16 өңірінде 80 жәбірленуші анықталған 30.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-30T14:27+0500
2026-07-30T14:27+0500
2026-07-30T14:27+0500
интернет
алаяқ
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1e/65328690_0:223:503:506_1920x0_80_0_0_8c7063a1d8a6011c507a02f87baf17b2.jpg
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе қаласында интернет-алаяқтарға жәрдемдескен дропперлердің тұтас желісін әшкереледі.Агенттіктің мәліметінше, қылмыстық топ құрамында 10-нан астам адам болған. Ұйымдастырушылар ұрланған қаражатты қабылдау және заңдастыру схемасына 150-ден астам дропперді тартқан.Олар банк қосымшалары мен криптоәмияндар алдын ала орнатылған ұялы телефондарды пайдаланған. Бұл дропперлердің шоттарын қашықтан басқаруға және олардың қатысуынсыз қаржылық операциялар жүргізуге мүмкіндік берген.Агенттік мәліметінше, Қазақстанның 16 өңірінде 80 жәбірленуші анықталған. Келтірілген шығын көлемі 120 млн теңгеден асты."Қылмыстық топтың 8 мүшесі қамауға алынды. Тағы екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне, оның ішінде 8 пәтерге, бір автокөлікке және 52 мың USDT көлеміндегі цифрлық активтерге тыйым салынды", – деді агенттік.Тергеу жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20250904/tarazda-dropper-student-2-mln-tengeden-astam-qarzhyny-qaytaruga-mindetteldi-56817589.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1e/65328690_0:182:503:559_1920x0_80_0_0_36d19c631e5e67b826248af80d336931.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет, алаяқ, алаяқтық
интернет, алаяқ, алаяқтық
Ақтөбеде интернет-алаяқтарға көмектескен дропперлер желісі әшкереленді
Қазақстанның 16 өңірінде 80 жәбірленуші анықталған
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе қаласында интернет-алаяқтарға жәрдемдескен дропперлердің тұтас желісін әшкереледі.
Агенттіктің мәліметінше, қылмыстық топ құрамында 10-нан астам адам болған. Ұйымдастырушылар ұрланған қаражатты қабылдау және заңдастыру схемасына 150-ден астам дропперді тартқан.
Олар банк қосымшалары мен криптоәмияндар алдын ала орнатылған ұялы телефондарды пайдаланған. Бұл дропперлердің шоттарын қашықтан басқаруға және олардың қатысуынсыз қаржылық операциялар жүргізуге мүмкіндік берген.
"Блокчейн-талдау құралдарының көмегімен ұрланған қаражатты заңдастырудың толық схемасы анықталды. Алдымен жәбірленушілердің ақшасы транзиттік банк шоттары арқылы өтіп, кейін бақылаудағы дропперлердің есепшоттарына түскен. Одан соң қаражат криптовалюта платформасына жіберіліп, USDT цифрлық активтерін сатып алуға пайдаланылған. Операцияларға заңды сипат беру үшін жалған қарыз шарттары мен номиналды компаниялар қолданылған. Соңғы кезеңде қылмыстық жолмен алынған кірістер қолма-қол ақшаға айналдырылып, шетел валютасына айырбасталған", – деп хабарлады ҚМА.
Агенттік мәліметінше, Қазақстанның 16 өңірінде 80 жәбірленуші анықталған. Келтірілген шығын көлемі 120 млн теңгеден асты.
"Қылмыстық топтың 8 мүшесі қамауға алынды. Тағы екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне, оның ішінде 8 пәтерге, бір автокөлікке және 52 мың USDT көлеміндегі цифрлық активтерге тыйым салынды", – деді агенттік.