Алматы мен Измир арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады

Самолет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Жазылу
Рейсті Түркияның SunExpress әуе компаниясы орындайды
АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы кіреді, деп хабарлайды Көлік министрлігі.
31 шілдеден бастап әуе компаниясы Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындайды. Рейс аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстардың одан әрі дамуына ықпал етеді.
FlyArystan ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2026
Атыраудан Батумиге тікелей әуе рейсі ашылды
Жаңалықтар
0