сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Қазақстандықтарға сайлау науқаны кезінде дипфейктер жиілеуі мүмкін екені ескертілді

© Photo : Акимат Карагандинской области Жасанды интеллект
Жасанды интеллект - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Жазылу
Ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріп, жалған ақпарттың таралуына жол бермеу ұсынылды
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін екенін ескерті.
Себебі қазір ақпараттық кеңістікте жасанды интеллект технологияларының көмегімен дайындалған, саяси партиялар өкілдерінің бейнесі заңсыз пайдаланылған бейнематериалдардың таралуы тіркеліп жатыр.
"Мұндай материалдар қоғамдық пікірге ықпал ету және ақпараттық манипуляция жасау құралдарының бірі саналады. Олар сайлау процесіне қатысушылардың беделін түсіруге, қоғам назарын саяси партиялардың сайлауалды бағдарламалары мен үгіт жұмыстарының мазмұнынан басқа арнаға бұруға, сондай-ақ дауыс беру қарсаңында қоғамдық маңызы бар ақпарат туралы бұрмаланған түсінік қалыптастыруға бағытталуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Орталықта хабарлағандай, саяси партиялардың атынан жарияланатын кез келген мәлімдеме, үндеу, бейнематериал мен өзге де ақпараттық жарияланымдар тек тиісті саяси партиялардың ресми ақпараттық ресурстарында немесе жауапты БАҚ-та жарияланады.
"Азаматтарды ақпараттық қырағылық танытуға, таратылып жатқан контентке сыни көзқараспен қарауға және оның шынайылығы расталғанға дейін одан әрі таратудан бас тартуға шақырамыз", - дейді орталықта.
Егер материалдан жасанды интеллект арқылы генерациялау, монтаждау немесе нақты айтылған мәлімдемелерді бұрмалау белгілері байқалса, ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріп, жалған ақпарттың таралуына жол бермеу ұсынылды.
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Сайлау алдындағы үгіт-насихат басталады - Бас прокуратура ескерту жасады
Жаңалықтар
0