https://sputnik.kz/20260729/ozbekstan-eaeo-narygyna-qyrgyzstan-arqyly-shygudy-kozdep-otyr-65280425.html
Өзбекстан ЕАЭО нарығына Қырғызстан арқылы шығуды көздеп отыр
Өзбекстан ЕАЭО нарығына Қырғызстан арқылы шығуды көздеп отыр
Sputnik Қазақстан
Өзбекстан Қырғызстанмен серіктестікті ЕАЭО нарығына шығудың тиімді жолы ретінде бағалайды 29.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-29T13:54+0500
2026-07-29T13:54+0500
2026-07-29T13:54+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42162992_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_0a7795df9434933aaf119fe5d80e4593.jpg
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Өзбекстан Қырғызстан арқылы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) нарығына шығу үшін көрші елмен бірлескен фармацевтикалық өндірістер құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қырғыз-өзбек бизнес-форумында Өзбекстанның инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов мәлімдеді.Оның айтуынша, Өзбекстан ЕАЭО құрамына кірмесе де, Қырғызстанмен өндірістік кооперация орнату бірлескен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Министрдің айтуынша, Қырғызстан жыл сайын 2 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға фармацевтикалық өнім импорттайды. Оңтүстік Азия елдеріндегі сұраныс көлемі шамамен 65 миллиард долларды құраса, ЕАЭО нарығының көлемі 30 миллиард долларға жетеді.Кудратов электр техникасы өнеркәсібін де ынтымақтастықтың перспективалы бағыты ретінде атады. Оның сөзінше, Қырғызстан мен Өзбекстанда мыс, алюминий және басқа да шикізат қоры мол болғандықтан, трансформаторлар, электр қозғалтқыштары, кабель-өткізгіш өнімдері және өзге де электр техникаларын бірлесіп өндіруге мүмкіндік бар.Сондай-ақ ол соңғы үш жылда Өзбекстан электр техникалық өнімдерінің экспортын әлемнің 162 еліне дейін кеңейткенін айтты.Бұдан бөлек, министр ауыл шаруашылығы, тоқыма өнеркәсібі және мал шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды. Атап айтқанда, қараша айында Ыстықкөл облысында картопты өнеркәсіптік негізде өсіру жобасын бастау, ал қазанда Шу облысында көшет өсіруге арналған "Достық бағы" жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар Өзбекстан жүн мен теріні өңдеу және тоқыма өнімдерін бірлесіп өндіру бағытында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.
https://sputnik.kz/20260728/eaeo-da-auyl-sharuashylygy-oniminin-ondirisi-09-ga-osti-65256825.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42162992_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_83d77a22d837dd9f1356b36870e8a245.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Өзбекстан ЕАЭО нарығына Қырғызстан арқылы шығуды көздеп отыр
Өзбекстан Қырғызстанмен серіктестікті ЕАЭО нарығына шығудың тиімді жолы ретінде бағалайды
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Өзбекстан Қырғызстан арқылы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) нарығына шығу үшін көрші елмен бірлескен фармацевтикалық өндірістер құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қырғыз-өзбек бизнес-форумында Өзбекстанның инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Өзбекстан ЕАЭО құрамына кірмесе де, Қырғызстанмен өндірістік кооперация орнату бірлескен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
"Өзбекстан ЕАЭО мүшесі емес. Бірақ Қырғызстанмен бірлесіп, мұнда тиімді фармацевтикалық өндірістер құрып, кейін ЕАЭО нарығына шығуға болады. Сондай-ақ Өзбекстан арқылы Оңтүстік Азия нарығына шығуға мүмкіндік бар", – деді Кудратов.
Министрдің айтуынша, Қырғызстан жыл сайын 2 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға фармацевтикалық өнім импорттайды. Оңтүстік Азия елдеріндегі сұраныс көлемі шамамен 65 миллиард долларды құраса, ЕАЭО нарығының көлемі 30 миллиард долларға жетеді.
Кудратов электр техникасы өнеркәсібін де ынтымақтастықтың перспективалы бағыты ретінде атады. Оның сөзінше, Қырғызстан мен Өзбекстанда мыс, алюминий және басқа да шикізат қоры мол болғандықтан, трансформаторлар, электр қозғалтқыштары, кабель-өткізгіш өнімдері және өзге де электр техникаларын бірлесіп өндіруге мүмкіндік бар.
Сондай-ақ ол соңғы үш жылда Өзбекстан электр техникалық өнімдерінің экспортын әлемнің 162 еліне дейін кеңейткенін айтты.
Бұдан бөлек, министр ауыл шаруашылығы, тоқыма өнеркәсібі және мал шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды. Атап айтқанда, қараша айында Ыстықкөл облысында картопты өнеркәсіптік негізде өсіру жобасын бастау, ал қазанда Шу облысында көшет өсіруге арналған "Достық бағы" жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар Өзбекстан жүн мен теріні өңдеу және тоқыма өнімдерін бірлесіп өндіру бағытында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.