Ойын бизнесі бюджетке қанша салық төледі

© Sputnik / Екатерина Лызлова / Медиабанкке өтуКазино, архивное фото
Казино, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Жазылу
Соңғы екі жарым жылда саладан мемлекеттік бюджетке жалпы 184,7 млрд теңге салық түскен
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Алматы облысындағы заңды ойын бизнесі субъектілері төлеген салықтың көлемі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Биыл алты айдың ішінде өңірдегі ойын бизнесінен мемлекеттік бюджетке 25 млрд теңге салық түсті. Соның 10,6 млрд теңгесі өңірлік бюджетке аударылды.
"Ал соңғы екі жарым жылда саладан мемлекеттік бюджетке жалпы 184,7 млрд теңге салық түскен. Оның 53,8 млрд теңгесі өңірлік бюджет кірісіне бағытталған", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бүгінде Қонаев қаласында ойын бизнесі саласында 21 нысан жұмыс істейді. Оның ішінде 5 казино, 13 букмекерлік кеңсе және 3 ойын автоматы залы бар. Салада шамамен 2,5 мың адам еңбек етеді.
Ойын бизнесі аймақтың туризміне де оң әсер етіп отыр. Алматы облысы Туризм басқармасының мәліметінше, өңірдегі казиноларға келушілердің шамамен 20 пайызы – шетел азаматы.
Игровые автоматы, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Түркістан облысында мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған
Жаңалықтар
0